+7 7132 00 00 00

Ашық сабақ 6 «а» класс. «Информатика»

Күні: 06.03.2018 жыл

Сынып: 6 «а»

Пәні: Информатика

Сабақ №25

Мектеп №57 ЖББОМ

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы Презентация. Мультимедиалық презентация конструкторы. Программа интерфейсімен танысу.
Сабақ мақсаты PowerPoint бағдарламасын  іске қосуды үйрету. PowerPoint бағдарламасын  қолдана білу. Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.

Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ережесіне байланысты балаларды сақтылыққа үйрету. Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.

Бағалау критерийі PowerPoint бағдарламасын  іске қосуды біледі.

PowerPoint бағдарламасын  қолдана біледі.

Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айтады және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтырады.

Компьютермен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Пәнаралық байланыс Ағылшын тілі, технология.
Алдын ала білімі

 

Оқушылар компьютердің негізгі қызметі, негізгі бөлшектері, компьютер қандай қызмет көрсету саласында қолданлатыны туралы біледі.

 

Ресурстар 1.Жалпы білім беретін мектептер 6 сынып үшін Информатика-оқулығы.

2.Алматы  «Атамұра» 2014

3.С.Т.Мұхамбетжанова, А.С. ТЕН

4.Интернет желісінен видео көрсетемін.

5.Қосымша тапсырмалар.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

10 минут

Психологиялық тренинг«Жақсы сөз» тренингін жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Барлығын  ортаға шығып шеңбер құру. Оқушылар бір-біріне сабаққа сәттілік тілей отырып, төс белгіні  бір біріне сыйға тарту арқылы топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау «Стикердегі сұрақтар» стратегиясы

1.Мәтіндік процессор дегеніміз не?

2.Абзац дегеніміз не?

3.Жоларалық интервал дегеніміз не?

4.Нөмірленген тізім және маркерленген тізім дегеніміз не?

5.Редакциялау дегеніміз не?

6.Кесте дегеніміз не?

«Ойлан , тап» стратегиясы

«Слайд» (көрме) дегенді қалай түсінесіңдер?

Бүгінгі тақырыбымыз не туралы деп ойлайсыздар?

Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.
Сабақтың ортасы

10 минут

15 минут

 «Фильмді пайдалану» стратегиясы  

1-топ Презентация деген не?

2-топ Программа интерфейсінің тәсілдері.

3-топ Power Point 2010 програмасынан шығу

Практикалық жұмыс

Барлық топтар мәтін тереді. (Мен ақпараттық технологияны қолдаймын)

Суреттер кірістіреді. (компьютер, принтер, сканер, тышқан)

видеоролик

постер

Сабақтың соңы

5 минут

PowerPoin программасын қалай іске қосады және одан қалай шығады?

PowerPoin программасы қандай төрт режимнен тұрады?

Үйге тапсырма

Отбасы суреттерімен  5 беттен тұратын слайд жасау

Бағалау

Қолтаңба арқылы бағалау.

қолтаңба