+7 7132 00 00 00

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ №57 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ЖИНАЛЫСЫНЫҢ

Күні:  14.05.2019 жыл.

Қатысқандар: 1-11 класс ата-аналары /18 ата-ана/, мектеп әкімшілігі, класс жетекшілер, пән мұғалімдері, ауыл белсенділер.

Күн тәртібінде:

  1. Балалардың отбасындағы қауіпсіздігі.
  2. Құқық бұзушылықты алдын-алу.
  3. Әр түрлі мәселелер.

 

1.ДТІЖО: А.Т.Агисова.: Әсіресе жазғы өрт қауіпті кезеңде балалар өрт кезінде жарақат алады, ал кей жағдайларда олардың туындауына өздері кінәлі болады. Өрт талдауына сәйкес 2018 жылдың 6 айында балалардың отпен ойнауынан 11 өрт орын алды. Өрт кезінде 2 бала қаза тапты, олар ересектердің қарауынсыз қалған.

Балаларды тәрбиелеу барысында ересектер көбінесе олардың іс-әрекетіне жауапкершілік сезімін ояту сияқты жағдайларға мән бермейді. Олардың арасында өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру ең алдымен ата-аналардың негізгі міндеті болып табылады. Ата-аналар балалармен өрттің пайда болу себептері мен олардың салдары туралы сөйлесуі, балалардың отпен ойнауы салдарының ықтималдығын түсіндіріп жеткізуі, өрт кезінде әрекет ету ережелерін білуге үйретуі керек. Әңгімелесуден басқа, ата-аналар осындай сәттерді ойын түрінде де жасай алады. Мысалы, бүкіл отбасымен бірге үйдің жоспарын салып, өрт ошағының шартты белгісін жасап эвакуациялану жолдарын көрсетуге болады. Қазіргі уақытта балалар көбінесе көрнекі қабылдайды. Осының бәрін қағаз бетінде көрсетіп, сонымен қатар «жану жағдайлары неден болуы мүмкін» деген нәрселер туралы әңгімелесу жүргізілсе, балалар өрттің шығу себептеріне көбірек түсіністікпен қарайды. Сондай-ақ, ата-аналар өрт сөндірушілер туралы және олардың жұмысы неден тұратындығы туралы әңгімелеп берсе артық болмайтын еді. Осындай білім мен тәрбие алған балалар, бірінші кезекте, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтайды, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысына құрметпен қарайды. Және осындай тәрбие ұрпақтан ұрпаққа жалғасатындығына еш күмән жоқ, нәтижесінде ол халықтың өрт қауіпсіздігі мәдениетін арттырады.

Құрметті ата-аналар, өз балаңыздың қауіпсіздігіне байланысты ережелерді есте сақтаңыз:

электр аспаптарды тоққа қосылған жағдайда қараусыз қалдырмаңыз;

балаңыздың жалғыз өзін үйде қалдырмаңыз;

розеткаларға қол жеткізуіне жол бермеңіз;

баланың газ плитасы және сіріңкені қолдануына жол бермеңіз;

Жаз мезгілінде балалардың көпшілігі өз уақыттарын таза ауада өткізеді. Демалыс толыққанды, ал ол туралы естеліктер тек қана жағымды болу керек. Дәл солай болу үшін, ата-аналар демалыс орындарында балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы ұмытпауы керек. Сол ережелер туралы балаларға да айтулары тиіс. Егер сіз бүкіл отбасымен табиғат аясына демалуға баруды шешсеңіз, сол жерлердегі қауіпсіздік ережелерімен танысып шығыңыз. Балаларға оларға қандай қауіп төнуі мүмкін туралы айтып беріңіз. Балаларының үйде және демалыс орындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-аналардың міндеті. Жыл мезгіліне қарамастан қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері әрдайым сақталуы тиіс. Жазда баланың жарақаттану ықтималдығы көп. Жарақаттанудан қорыққандықтан, су жағалауында немесе орманда демалу сияқты өз мүмкіндіктеріңізден бас тартпаңыз. Тек қана жүріс-тұрыстың белгілі бір ережелерін ұстаныңыз, сонда ғана сіздің демалысыңыз қайғылы жағдайға әкелмейді. Ересектердің қарауынсыз балалардың сіріңке ұстауына, от жағуға жол бермеңіз. Мұны істеудің қауіпті екендігін түсіндіріңіз

Есіңізде болсын! Балаңыз сізден – ата-анадан үлгі алады!

Сіздің жүріс-тұрысыңыз балаңыздың үйде және көшеде тәртіпті болуына үйретеді!

Балаларды қайғылы оқиғалардан қорғау үшін барлық мүмкіндікті жасауға тырысыңыз! ТЖ кезінде жедел құтқару қызметтерін шақыртатын «101» және «112» нөмірлерін балаларыңызбен бірге жаттаңыз. Әрбір бала мұны білуі керек.

 

 

  1. Құқық бұзушылықты алдын-алу.

ДТІЖО: А.Т.Агисова.: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б.

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша  көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекеттіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.

Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.

Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс.

Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор.

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.

 

3.Мектеп психолгы: Г.Т.Кумарова «Ата-ана, ұстаз, оқушы» үштік одақ тренингін жүргізіп жиналысты қорытындылады.

 

Ниянқұлов Сәкен. Жаз мезгілінде балалардың көпшілігі өз уақыттарын таза ауада өткізеді. Демалыс толыққанды, ал ол туралы естеліктер тек қана жағымды болу керек. Дәл солай болу үшін, ата-аналар демалыс орындарында балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы ұмытпауы керек. Ата-аналар түгелімен қадағалап отыру қажет.

Қаулы:

  1. Балалардың отбасындағы қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынсын.
  2. Құқық бұзушылықты алдын-алу жұмыстары күшейтілсін.

 

 

 

 

  Кеңес төрағасы:                            Ниянкулов С.Е.

              Хатшы:                        Бөлекбаева С.Қ.