+7 7132 00 00 00

«Егеменді елдің жастары» (Пікіралмасу сабағы)

Аға тәлімгер: Қумарова Г.Т.

Мақсаты: Ел болашағы мен ертеңі шәкірт қолында екенін ұғындыру. Оқушы санасына халқына деген мақтаныш сезімін ояту; ана тілін, тарихын, өнерін қастерлеуге үйрету; патриоттық тәрбие беру. Ізденімпаздыққа, адамгершілікке, әдептілікке, білімпаздыққа тәрбиелеу; шығармашылық танымдық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі:  плакаттар,интерактивті тақта,.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.  «Егеменді елдің жастары» пікіралмасу

ІІІ. Рефлексия

І.  Оқушылар шаттық шеңберіне шығарып өздеріне ұнаған түстеріне сай лента таңдап, түстерге сай 3 топқа бөлінеді.

  1. «Болашақ белсенділер»
  2. «Болашақ басқарушылар»
  3. «Болашақ бастамашылар»

Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар ұйымы жеті бағытты басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды

1-оқушы: Ж – жастық жігері жалындаған

Отан – елін,жерін құндылықтарын сүю,қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыру бағыты;

 2-оқушы: А –айбынды армандары асқақтап

Зерде – зерделі түрде алдына мақсат қоя білу,оған жете білу,жобалар жасап,жүзеге асыруға жетелеу бағыты;

Қала көлемінде мектептің  жас қырандықтары «Лимон» және «Айран-қасиеті бар тазартқыш»  ғылыми жобаларын «Зерде» байқауында қорғап, жүлделі 2 орынға ие болды.

3-оқушы: С-салауаттылықты саналарына серік етіп, самұрықтай самғаған

Руханият – жоғары рухани –адамгершілік құндылықтар , гуманистік , көркем – эстетикалық қасиеттерге тәрбиелеу бағыты;

4-оқушы: Ұ-ұлардай ұзаққа ұшуға ұмтылып

Салауат – бойларын жаман қасиеттерден аулақ ұстайтын,салауатты өмір салтын ұстанған,спортпен шұғылданатын ,тәнін түзулікке баулитын бағыты;

5-оқушы: Л-лағылдай лапылдап лаулаған

Еңбек – мектеп қабырғасынан белгілі мамандыққа бейімделу,кәсіби үйірмелерде жұмысқа тарту бағыты;

6-оқушы: А-ар менен абройды адал  ақтап

Экоәлем – қоршаған ортаны аялау ,жан-жануарларға қорған болу,экологияны жақсартуға бағытталған жобалар жасауға баулитын бағыты;

Мектеп ауласын абаттандыру және ауыл көшелерін тазарту жұмыстары әр сенбі сенбі сайын жүргізіліп отырады. Сонымен бірге өткен оқу жылында мектеп ауласында «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен үздіктер аллеясы тұрғызылды. Аллеяға оқушылар жеміс ағаштары отырғызды.

Ата-ана демеушілігімен /Сафиуллин Раил./ 52 жеміс ағашы  және  әкімдіктен берілген 20   үйеңкі ағашы отырғызылды.

7-оқушы: Н-намысты, нар мінез нағыз

Жеті жарғы – жас азаматтарды өзіндік , әлеуметтік тұрғыдан заң білу мәдениетіне , қоғам алдындағы құқығы мен міндетін түсіндіру бағыты.

Қалалық  «Батамен ел көгерер» байқауы  3 орын

Жас ұландармыз

ІІІ. «Егеменді елдің жастары»

1-топ Болашақ  белсенділер

Он жыл бұрын азаматтық қоғамының даму  тұжырымдамасы  талқыланып, Қазақстан Республикасында  2006-2011 жылы қабылданған  кезде, (№154, 25 шілде, 2016 жыл ҚР Президентінің жарғысымен бекітілген) белгіленген уақыт аралығында  азаматтық қоғам елдегі  салмақты әрі  беделді күшке ие болатындай еді. Бұл  тұжырымдамада барлық алғышарттар  айтылған, яғни, мемлекеттік даму барысында  азаматтық қоғам орнап, мемлекеттің саяси, экономикалық даму шамасына,  мәдени және өзіндік танымы мен  тұрмыстық жағдайының өсуіне  сәйкес  қалыптасады; Азаматтық қоғам орнауы мен мемлекеттегі демократияның дамуы өзара тығыз байланыста: Азаматтық қоғам неғұрлым дамыса соғұрлым демократиялық мемлекет болмақ; экономикалық ұқыптылық пен  адами қасиеттердің жоғарылауы азаматтық қоғамның даму алғышарты болып табылады.

Дегенмен, Қазақстандағы азаматтық қоғам  пассивтілігін және мемлекеттік билікке деген қызығушылығы жоқтығын көрсетіп келеді. Қазіргі таңда демократиялық құндылықтар мойындалғанымен әлі күнге дейін бұқара түсінігі бойынша қоғамдық проблемалардың шешуші құрал ретінде қалыптаспаған.  Азаматтық қоғамның белсенділігі төмен  болуының бір себебі, “Барлық мәселе жоғары жақта шешіледі және біздің қолымызда ештеңе тұрған жоқ”  деген Кеңес Одағынан келе жатқан  түсінікпен пайымдалады. Осы кезде  әлеуметтік мәселе мен  саяси емес бағыттағы мәселелерге назар аудару керек.

Азаматтық қоғамдағы белсенділерді ұйымдастыру және бірлестіруде әлеуметтік желілердің рөлі зор. 2014 жылдың наурыз айында Алматы тұрғындарының фейсбук әлеуметтік желісінде  Қарағанды облысы  Көкпекті ауылындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмегі осыған дәлел болмақ. «31 наурызда сағат 1:30 –да Көкпектіде болған тасқын салдарынан  1,5-1,8 метр биіктікте 100 үйді ( 810 үйден) су басқан», – деп әлеуметтік желідегі хабарламаларда  көрсетілген. Аталмыш апатқа байланысты Қарағанды тұрғындары үшін Алматы мен Астана қалаларында компаниялар әлеуметтік көмек  жинады. Ерікті Дина Сабированың бастамасымен  Алматы қаласындағы Арман кинотеатрында қажетті заттарды қабылдау бөлімі ұйымдастырылды. Дина Сабирова Алматылықтарды әлеуметтік желі арқылы жылы киімдер, дәрі-дәрмек, ыдыс-аяқ, аяқ-киім, азық-түлік және тағы да басқа заттар алып келуге үндеді. Дина Сабирова  «Ойда жоқта көмектесуге ниет еттім,  мұндаймен   алғаш рет айналысып тұрмын. Қарағанды облысында туған-туысқандарым жоқ, жай ғана адамдарға қолымнан келгенше  көмегімді бергім келеді. Менің ойымша, баспанасыз қалу деген адамның басынан өтетін ең қорқынышты оқиғалардың бірі. Ешкімге ондайды  тілемеймін», – дейді.Осы бағытпен  қажетті заттар мен азық-түлік жинау түнге дейін жалғасты. Әлеуметтік  желілерде  сағат сайын  жаңа жаңалықтар шығып отырды, ер азаматтарға орнынан тұрып, заттар тасуға көмектесуі үшін арнайы үндеулер жүргізілді. Танымал блогер Әлішер Елікбаев қиындыққа ұшыраған аймаққа жіберетінін жазып, көлігінің жүк салғышына  азық-түлік толтырылған   суретін әлеуметтік желіде жариялады. Осылайша ол зардап шеккендерге  бұқтырылған ет, жарма сияқты нақты қандай азық-түлік керек екенін  көрсетіп, өзіндік мастер класс жүргізді.  Содан соң жинақталған әлеуметтік көмек зардап шеккен аудандарға жіберілді, ол үшін  еріктілер «Қазақстан Темір жолы» компаниясымен келісіп,  барынша ат салысқан болатын. Осы тұрғыда әлеуметтік желі арқылы насихат жүргізіліп, зардап шеккендерге көмек жеткізілді.

Осыған ұқсас жағдай 2015 жылы шілде айында Алматы облысында  Наурызбай ауданындағы сел тасқыны кезінде орын алды. Мұнда әркім қалауымен  қатыса алатын еріктілер  штабы құрылды. Кәсіпкерлер су мен азық-түлік алып келді. Ал  мейрамхана иелері болса жұмысшыларды тамақтандырды. Демалыс күндері еріктілердің саны бұрынғыдан да көбейе түсті.  Көбісі  демалысқа бармай, жергілікті тұрғындарға көмектесуге  келіп отырды. Отандық кәсіпкерлердің бірі Ерлан Нұрпейісов еріктілер штабы жайлы  ғаламтордан білген екен. 30 тамыз күні ол өзімен бірге 30 әріптесін де  алып келген еді. “ Бұл жерде екі фирманың өкілі бар. Қызметкерлердің жартысы   жұмысын атқару үшін кеңседе қалды, қалғанын осында алып келдік. Осы ауданның зардап шеккен адамдарына қол ұшымызды беріп, өз борышымызды атқармақшымыз.  Көмектесуші бірінші не соңғы адам емеспіз.Біз Алматыда тұрамыз және бұл қала біз үшін өте қымбат. ”

Өз есімін жарияламауды өтінген басқа кәсіпкер зардап шеккен аудан тұрғындарына көмек керек екенін “Жұлдыз ФМ” радиосынан естігенін хабардар етті. Бұл туралы ол  таныстарына  айтып,  Алматы облысының 90 адамы жәрдемін ұсынған болатын. Өзі болса тұрғындардың жолына және азық-түлікке қаражат бөлді.

Оқушы Диас Әубәкіров Алматы қаласындағы сел жағдайында  әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болды. Мектеп  баласы  «Жарты Қызыл Ай» еріктілеріне  келіп қолынан келген жұмысты атқаратындығын айтты. Еріктілер арасында “қонжық” атанып кеткен Диас  жасының кішілігіне қарамастан үлкендерден қалыспады. Үлкендердің айтуынша, оның еңбекқорлығымен ерік-жігері таң атқаннан кеш батқанға шейін су мен азық-түлік тасыған  еріктілерге көп көмегін тигізсе керек. Алматы қалалық Жастар саясатының басшысы Диасқа тамаша еңбегі мен өз жасындағыларға үлгі болғандығы үшін  құнды сыйлық ретінде велосипед  сыйға тартты.

Зерттеушілердің пікірінше, азаматтық қоғам – коммерциялық емес ұйым, үшінші сектор, адам құқығының кепілі, мемлекеттік билік пен қаржылық құрылымдардан бөлек қоғамдық қатынастардың байланысы.  Осыдан кейін Қазақстанда  азаматтық қоғам  белсенді дамуда деп нақты айта аламыз.

«Жастар кадрлық резерві»

Табысты бол!

«Жастар кадрлық резерві» – бұл кәсіби жетілуге ұмтылған жас мамандардың республикалық деректер базасы.

Жобаның мақсаты – заман талабына сай басқарушыларды даярлау.

Жоба оқу орындарын бітірген жас мамандар арасынан басқарушы кадрларын анықтау, іріктеу, даярлау және тәрбиелеу, ел үшін аянбай еңбек етуге даяр Қазақстанның жастары арасынан кадрлық резервін қалыптастыруға бағытталған.

Резервке қалай тұруға болады?

  • Тіркелу rezerv.kz ресми сайтында анкета толтыруыңыздан басталады. Анкета толықтығы келесі кезеңге өтуге мүмкіндікті өсіреді. Бос жерсіз толтырылған анкета ең жоғарғы ұпайларды береді.
  • Өтініштер талапқа сай жіберілген жағдайда, қатысушы сұхбаттасу кезеңіне өтеді. Сұхбаттасуда қатысушыларға ойлау қабілеттерін тексеруге бағытталған сұрақтар қойылады. Өз жауаптарымен ерекшеленген жастар бірінші оқу кезеңіне жолдама алады.

Толығырақ http://rezerv.kz/ru/ сайтында

«Жастар – Отанға!»

Жастар – келешегіміздің негізі

«Жастар – Отанға» жобасын іске асыру аясында бірнеше бағыттағы тұжырымдалар мен ірі жастар ұйымдары өз жұмысын жасауда.

Тұжырымдаманың бағыты әртүрлі: патриоттық құндылықтарады насихаттау, әлеуметтік жобаларды дамыту және жастар бастамаларының жас кәсіпкерлікке дамуына дейін қолдау.

Мақсаты: жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау.

Міндеттері:

  1. жастарды қоғамдық өмірге тарту тетігін жасап шығару;
  2. жастарды әлеуметтік бейімдеудің жолға қойылған жүйесін қамтамасыз ету;
  3. ақпараттық теңсіздік проблемасын шешу, жастардың жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және өзге бағдарламаларға қолжетімділігін кеңейту;
  4. жас буынды рухани-адамгершілік және қоғамдық-құндылықтық тәрбиемен толыққанды қамту.

«Ұрпақтар сабақтастығы» – жастарды рухани, патриоттық тəрбиелеуде аға буын өкілдерің қатысуын қамтамасыз ету жəне ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру мақсатында ардагерлер кеңесімен бірге қызмет атқару.

«Ұлы дала ұландары» патриоттық кодексі – мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке баулу мақсатында «Жас Ұлан» ББЖҰ-мен бірге қызмет атқару. Қозғалысты жандандыру.

«Жастар саяси лагері» – жастар арасындағы қоғамдық пікір көшбасшыларын тарту мақсатында жастар саяси лагерін өткізу.

«Еріктілер мектебі» – неғұрлым ірі болып саналатын жастар ҮЕҰ-мен өзара əрекеттесу арқылы жастарды қоғамдық қызметтерге тарту.

«Сәтті қадам»

Жастар үшін үлкен мүмкіндік

«Сәтті қадам» жобасы – ЖОО бітіруші түлектерге Қазақстанның жетекші ұйымдарынан іс-тәжірибеден өту арқылы қызмет сатысын бастауына мүмкіндік беріп, алған білімдерін тәжірибе жүзінде сынап көруіне қолғабыс етуге бағытталған. Жоба жастардың кәсіби біліктілігін сынап, тәжірибесін байқап көріп және алдағы уақытта жұмысқа орналаса алу мүмкіндігін шамалауға мүмкіндік береді. Жобаның соңғы мақсаты Жобаға қатысушының жұмысқа орналаса алуы болып табылады.

«Жас Отан» ЖҚ тәуелсіз сарапшылармен бірге жобада лайықты үміткерлерді іріктеп, іс-тәжірибе құжаттарын жинақтаудан бастап, қорытынды мінездеме алғанға дейін басы-қасында болады.

Аталмыш Ереже ұйым бойынша Жоба аясында іс-тәжірибеден өткізуге жетекші қызмет атқарады.

Жобаның мақсаты:

Жас мамандар мен ЖОО және ТқЖБ түлектерін еңбек ұжымында әлеуметтендіру.

Міндеттері:

  1. Астана мен Алматы қалаларындағы мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жас мамандарға тағылымдама ұйымдастыру.
  2. ЖОО мен ТқЖБ түлектері болып табылатын жетім балаларды жұмысқа орналастыру.
  3. Жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі нақты жағдайға бақылауды және мониторингтеуді ұйымдастыру.

Тағылымда қай жерде өтеді?

Тағылымдамадан өтуші Мемлекеттік мекемелер мен бірлестіктердің тізімі өсуде, барлық ел бойынша бүгінгі таңда олардың саны 240- там астам.

«Сәтті қадам” жобасының қатысушылары еліміздің 240 ірі жұмыс берушілерінде тағылымдамадан өте алады, олардың ішінде:«НУХ «Бәйтерек», «ННТХ «Парасат»,«KAZNEXInvest»АҚ, Холдинг «BI-Group», «Ұлтаралық бағдарламалар орталығы», «Астана Innovatio s», «НК «Қазақстан Ғарыш Сапары», «Қазақтелеком» АҚ, «КТЖ»АҚ, сонымен бірге министрлік және тағы да басқа мемлекеттік мекемелер.

ҚР Білім және ғылым Министрлігінің деректеріне сәйкес биылғы жылы 3600 жас маман қатарындағы жетім балалар, олардың ішінде  Техникалық және кәсіптік білім беру орталығының 2441 түлегі және  Жоғарғы оқу орындарының 1192 түлегі, білімдерін тәмамдап, жұмыс іздеуге кіріседі.

Мақсатымыз бен тарихымыз

Максатымыз

Жастар арасында мемлекет Басшысы және «Нұр Отан» партиясының саясатын қолдаушылар қатарын арттыру.

Тарихымыз

«Жас Отан» Жастар қанатының тарихы «Нұр Отан» партиясының қызметімен тығыз байланысты. 2008 жылға дейін дербес заңды тұлға ретінде тіркелмеген «Жас Отан» ЖҚ партия басшылығымен бастау алған жобаларды жүзеге асыруға қатысты.

2008 жылдың 17 қаңтарында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Осы отырыста Елбасы Н.Ә. Назарбаев Жастар қанатының съезін өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын. «Жас Отан» Жастар қанатының алғашқы съезі осы жылдың көктем айына белгіленді.

2008 жылдың 14 мамырында еліміздің Астанасында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының І съезі өтті. Өзінің сөзінде Елбасы, Президент Н.Ә.Назарбаев «Жас Отан» ЖҚ алдына бірінші кезектегі тапсырмаларды қойды. Елбасы «Жас Отан» ЖҚ мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы рөлін атап, еліміздің әрбір жас азаматының өзінің әлеуетін дамыта алуға мүмкіндігі бар, бәсекелесуге қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін барлық жағдайды жасауға шақырды.

«Жас Отан» ЖҚ І съезіне дейін «Нұр Отан» партиясының бастамасымен жастардың негізгі заңдық құжаты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы Заңын талқылау бойынша парламенттік тыңдаулар өткізілді. Осы тыңдаулар аясында еліміздің барлық аймақтарында жастар конференциялары өткізіліп, съезге 310 делегат таңдалған. Съезге Қазақстан Республикасы жастар ұйымдарының өкілдері, партия мүшелері және Саяси кеңес бюросының өкілдері, мемлекеттік органдардың жетекшілері, ҚР Парламентінің депутаттары, Үкімет өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, БАҚ, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері сонымен қатар шетелден келген жастар қатысты. «Жас Отан» ЖҚ қызметі І съезд делегаттары бекіткен жарғы және 2008-2011 жылдарға арналған қызмет стратегиясы бойынша жүргізілді. Осы съезде өткізілген сайлауда «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы болып Нұрлан Өтешев сайланды.

2012 жылдың 16 қарашасында «Жас Отан» ЖҚ «Арман. Еңбек. Сенім.» атты ұранымен II съезі өтті. Съезде еліміздің жастар саясатын жаңа деңгейге шығаруға бағытталған 2020 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» стратегиясы қабылданды.

«Жас Отан» ЖҚ стратегиясының жобасын еліміздің барлық аймақтарындағы жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер, жұмысшы жастар, спортшылар, мәдениет қайраткерлері талқыға салды. Стратегияның 11 негізгі қызмет бағдары бар, олардың ішінде сапалы білім, еңбек, жастардың әлеуметтік бейімделуінің басты факторы, мәдени даму мен бірлік, жастардың кәсіпкерлігін дамыту, ғылымды дамыту, волонтерлік қозғалыс және тағы басқалары.

Съезге шетелден келген жастармен бірге 9 мыңнан астам делегат қатысты.

Съезде келесі 4 мәселе қарастырылды:
1.    «Жас Отан» ЖҚ-ның 2020 жылға дейінгі Стратегиясы ұйым қызметі үшін жаңа бағытқа айналды.
2.    «Жас Отан» ЖҚ Жарғысына жастар саясатын дамытуға байланысты жаңа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
3.    «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесі сайланды.
4.    Нұрлан Сыдықов «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы болып сайланды. 

2-топ Болашақ басшылар

Білім және ғылым министрлігі талапкерлер тарапынан ең жоғары сұранысқа ие мамандықтар тізімін жариялады. Көш басында бұрынғысынша “Заң”, “Қаржы”, “Жалпы медицина” факультеттері тұр. Биыл олардың қатарына “Дизайн” мен “Дене шынықтыру және спорт” салалары да қосылған.

Ал талапкерлер тарапынан ең аз таңдалған мамандықтар тізбегінде «Композиция», «Музыка тану», «Мүсін өнері», «Түркітану» және «Баспа ісі» бар. Сондай-ақ Білім министрлігі еліміздегі орташа оқу ақысын да жария етті. Ұлттық университеттердегі бір жылдық оқу бағасы орта есеппен алғанда 635 мың теңге, ал өзгелерінде 350 мың теңге -делінген. Министрлік таратқан мәліметте техникалық және өнімді өңдеу салаларында мамандардың әлі де жетіспейтіндігі айтылған. Осы себепті аталған мамандықтарға 40 пайыздан артық мемлекеттік грант бөлінуде. Бүгіннің өзінде транспортты және энергетикалық инфрақұрылымда, тау-металлургиялық кешенде, мұнай-газ секторында, туристік индустрия мен машина жасауда мамандар қажеттілігі байқалады.  ІТ мамандары, сервис пен нано және биотехнологияны игерген кадрлар да аса қажет.

Ең үлкен сұранысқа ие мамандықтар көшін «юриспруденция», «дизайн», «дене шынықтыру және спорт», «жалпы медицина», «қаржы» салалары бастап тұр. Ал талапкерлер ең аз таңдайтын мамандықтар тізбегінде «композиция», «музыка тану», «мүсін өнері», «түркітану» және «баспа ісі» бар.

Nur.kz хабарлағандай Білім министрлігі еліміздегі орташа оқу ақысын да жария етті. Ұлттық университеттердегі оқу бағасы басқаларға қарағанда екі есеге қымбат. «Ұлттық университеттерде оқитын бір студентке жұмсалатын жылдық орташа сома 635 мың теңге, ал өзгелерінде 350 мың теңге» делінген хабарламада.

Министрлік таратқан мәліметте техникалық сала мамандарының  жетіспейтіні айтылған. Сондай-ақ, өнімді өңдеу саласында шеберлердің жеткіліксіз екені анықталды. Сол себепті, аталған мамандықтарды 40 пайыздан артық мемлекеттік грант бөлінуде.

Транспортты (31 мың) және энергетикалық инфрақұрылымда (8 мың), тау-металлургиялық кешенде (23,4 мың), мұнай-газ секторында (17,8 мың), туристік индустрияда (6,9 мың) және машина жасауда (6,5 мың) мамандар қажеттілігі байқалады.

Қазақстандық нарықта механик, слесарь, дәнекерлеуші, жүк және арнайы транспорт жүргізушісі, құрылғылар операторы, электр монтаждаушы сынды мамандық иелері жетіспейді.

Сондай-ақ, ІТ мамандары, сервис пен нано және биотехнологияны игерген кадрлар қазіргі нарыққа аса қажет көрінеді.

Ал, былтыр «Ел қанаты» қоғамдық қоры ҚР Білім және ғылым министрлігімен, сондай-ақ, «Кәсіпқор» холдингі» КАҚ студенттермен жұмыс департаментімен бірлесіп әлеуметтік зерттеу жүргізген еді. Анкеталық сұрақтарға еліміздің 16 өңіріндегі түрлі компаниялардың басшылары, персоналды іріктеу бойынша мамандар, жеке кәсіпкерлер қатысқан. Жалпы, 2000 адамның пікірінше, анағұрлым сұранысқа ие мамандықтар – инженерлер (13,8%) және дәрігерлер (12,8%), мұғалімдер мен оқытушылар (10,1%), бағдарламашылар (7,4%), құрылысшылар (6,4%) және маркетологтар (6,2%) деп анықталған болатын.

Әлеуметтік сұраудың нәтижесі бойынша 2 мыңнан астам мектеп түлегі үшін: техникалық ғылымдар/инженерия (20,5%), медицина (19,8%), экономика (13%), құқықтану (6,1%), мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару (6,1%) анағұрлым танымал қызмет салалары ретінде танылған.

Топтарға 7 минут уақыт беріледі. Қонақтармен «Сандар сөйлейді» тренингі  өткізіледі.

ІІІ.

1-топ  «Идеялар себеті»

2-топ  Бес жолды өлең

3-топ Тоғысқан пікірлер

ІV. Рефлексия

«Желкенді кеме»

Оқушылар сабақ барысында сұрақ туындаса қызыл түске, қиындық болса көк түске, барлығы ұнаса жасыл түске кеменің желкенін бояйды.

Әр топқа алдын ала бақылаушылар сайланады. Бақылаушылардан әр топ жайлы ұсыныстары мен ойлары сұралады.

Қорытынды: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз»деген болаты. Елімізге аянбай қызмет етер адал ұрпақ тәрбелеу сіз бен біздің қолымызда.