+7 7132 00 00 00

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»

Әдебиет. Бөлім тақырыбы: Абайды оқы, таңырқа! Мектеп:  №57ЖББОМ
Күні: 23.11 Мұғалімнің аты-жөні:  Ажибаева Г.У
Сынып: 6 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»
Оқу бағдарламасына сілтеме 6.1.1.1 әдеби шығарманың жанрын,фабуласын,сюжетін анықтау;

6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар орындай алады: әдеби шығарманың жанрын, фабуласын,сюжетін болжайды;әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы  ойларын жинақтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: әдеби шығарманың жанрын,фабуласын,сюжетін анықтап, әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясын талдайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: әдеби шығарманың жанрын,фабуласын,сюжетін анықтап, әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселенің идеясын шынайы өмірмен байланыстыра отырып, өзіндік баға береді.

Бағалау критерийлері ü  әдеби шығарманың жанрын,фабуласын,сюжетін анықтайды;

ü  әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді;

Тілдік мақсат Тілдік дағдылар:: мақал-мәтел, сөздің ауыспалы мағынасы, тұрақты сөз тіркесі.

Арнайы пәндік лексика мен терминология: антитеза,  ғылым, ақыл, бес дұшпан, бес асыл іс.

Диолог құруға арналған пайдалы тіркестер мен фразалар:Менің ойымша…, қорыта айтқанда…., сеьбебі….

Талқылауға арналған сұрақтар: Тыңдай отырып, мәтіннен өз өміріне, іс-әрекетіне септігін тигізер қандай қорытынды жасадың?

Пәнаралық байланыс Тарих, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі,  музыка
Ойлау дағдыларының деңгейі Жинақтау, талдау, бағалау
Сабақта қамтылатын құндылықтар Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
АКТ-ны  қолдану дағдылары   youtube.com
Осыған дейін меңгерілген білім «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
 Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Ресурс
Басы Ұйымдастыру кезеңі.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

Абайдың он жетінші қара сөзінен үзінді тыңдау.

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады.

-Бүгінгі сабаққа тірек қылып алатын қандай сөздерді айта аласыздар?

Қызыл, жасыл, көк түстермен (Ақыл, білім, ғылым) үш топқа бөлу

Үй тапсырмасы : Өлеңді жатқа сұрау, қосымша материалдар алып келу;

Бағалау:

Орыс тілінде қандай ақынның ғылым , білім туралы шығармасымен таныстыңыздар?

Ой шақыру

Абай «Ғылым таппай мақтанба» видеоролик
-Тыңдай отырып, мәтіннен өз өміріне, іс-әрекетіне септігін тигізер қандай қорытынды жасадың?

Үнтаспа

Сандық, үлестірмелі қағаз

видеоролик

 

Ортасы

 «Ақыл»тобы

Автор көрсеткен бес асыл іс немесе бес дұшпанның бірін таңдап, осыған  байланысты мақал-мәтелдерді тауып жазыңдар. Адам бойындағы осы қасиеттерді мақал-мәтелдердің білдіретін мағынасымен байланыстыра отырып, талдаңдар.

 

Бес асыл іс немесе бес дұшпан Мақал-мәтел Білдіретін мағынасы Латын қаріпі
Талап
Еңбек
Терең ой (ақыл)
Қанағат
Рақым (мейірім)

Дескриптор:

Бес қасиетке байланысты мақал-мәтелді табады;

Бес қасиетті мақал-мәтел мазмұнымен байланыстырып талдайды.

Бағалаау «Жүрегім мейірімділікке толы болсын!»

«Білім»тобы

Өлеңнен ауыспалы мағынадағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін  тауып,  мағынасын талдап көрсетіңдер.

Ауыспалы мағынадағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестері Білдіретін мағынасы Автордың қолдану мақсаты
Терең ой    
Ойға жию    
Қайғы жеу    
Көңіл суыту    
Жанбай жатып сөну    

Дескриптор:

Өлеңнен  ауыспалы мағынадағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін табады;

Автордың қолдану мақсатын талдайды.

Бағалау «Асыңығ алшыннан түссін!»

«Ғылым»тобы

«Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл берсеңіз …» Үзіндіні өз ойыңызбен жалғастырып, 50-60 сөзден тұратын мәтін жазыңдар.

Дескриптор:

Берілген үзіндіні өз ойымен жалғастыра алады;

Бағалау «Білімді бол!»

 «Ақыл»тобы

Сатылай кешенді талдау:

Автор:

Тақырыбы:

Идеясы:

Жанр:

Тармақ:

Тармақ:

Буын саны:

Ұйқас:

Антитеза:

Жеке оқушығар жұмыс:

Мақалдың жалғасын тап:

Жақсыдан үйрен

(Жаманнан жирен).

Талап тұлпар

(Білім сұңқар)

Талнат қартаймайды

(Білім ортаймайды)

Әріптен білім

(Әліппеден ғылым)

Ақыл азбайды,

(Білім тозбайды)

Өнерлі (өрге жүзер)

Кестені толтыр

Бес асыл іс Бес дұшпан

«Білім»тобы

Сұрақ-жауап

  1. Ақын жастарды неге шақырды?
  2. Абай қандай нәрселерден қашық бол дейді?
  3. Абайдың бес асыл іс деп отырғаны нелер?
  4. Ғылым таппай мақтанба

Орын таппай баптанба

Қалай түсінесіңдер?

  1. Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғылымды көрсеңіз

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге  ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз-деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

  1. «Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген өлең жолдарын түсіндіріңіз?

Жеке оқушымен жұмыс:

Сәйкестендіру:

Бес асыл іс                            Бес дұшпан

Талап                                    Өсек

Еңбек                                    Өтірік

Терең ой                               Мақтаншақ

Қанағат                                 Еріншек

Рақым                                   Бекер мал шашпақ

«Ғылым»тобы

 Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерінің біріне көрініс ұйымдастару;

Бағалау:

Плакат

Плакат

Соңы Сонымен балалар. Адамның бұл дүниеде басты мақсаты-толыққанды өмір сүру. Абай атамыз «Толық адам» болу үшін адам бойында сегіз қасиет болуы керек дейді. Соның ішіндегі ең күштісі – ғылым мен құдірет екен.
Рефлексия: «Алтын кітап» Ақыл,Білім Ғылым  бейнелерін бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді «Абайдың Алтын кітапында»саламыз.Бүгінгі сабақты С. Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келіп тұр.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілгеҮйге тапсырма:  Абай көрсеткен  бес дұшпанның адам баласына тигізетін зиянын көрсетіп, сипаттау мәтінін жазып келу. Сөз саны – 80-100.
Алтын кітап
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?  Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушыларға мұғалім күрделі деңгейлі сұрақтар қояды, оқушылар қабілет деңгейлеріне қарай дифференциациялық тапсырмаларды

 орындайды.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде жүзеге асады. Тарих, қазақ тілі  пәндерімен байланыста өткен бұл сабақта АКТ қолданылып, оқушылар сыныпта патриотизм, өмір бойы оқу құндылықтарын талдайды.
Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
 
Жалпы баға

 Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1

2

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?