+7 7132 00 00 00

«Тиімді оқыту және оқыту» аймақтық семинар

Ақтөбе қаласының #57жалпы білім беретін орта мектебінде жаңартылған білім мазмұны бойынша серіктес мектептердің қазақ тілі мен əдебиеті,орыс тілі мен əдебиеті,ағылшын тілі мұғалімдерінің іс -тəжірибе алмасуын реттеу,əдістемелік көмек көрсету мақсатында “Тиімді оқыту мен оқу” тақырыбында облыстық семинар өтті.Семинарға педагогикалық шеберлік орталығының тренері В.Т Андированың бастамасымен, ҚҒƏО əдіскері Д.Т.Габдрашеваның қолдауымен серіктес мектептер жиналды.Серіктес мектептерден (18,45,49,59,67,Елек Ом) 18 мұғалім қатысты.

Семинар-практикум жұмысының алғашқы сəтін мектеп директоры М.Б Досжанова мен мектеп көшбасшысы Э.Б.Əбдірахманова бастады.”Тиімді оқыту мен мектеп тəжірибесінде” тақырыбы аясында білім берудің тиімді əдістері мен қағидаттары туралы семинарға қатысушы əріптестерімен пікір алмасты.”Жаңа бағдарлама,жаңа бағыт” ашық сабақтар тізбегінде 6а_класта қазақ əдебиеті пəнінен А.Құнанбаев “Ғылым таппай мақтанба” пəн мұғалімі Г.У Ажибаева жəне 7 класта “Постулаты здоровья” орыс тілі пəнінен Мақсатқызы Айтолқын тиімді əдістəсіл түрлерін көрсетіп, ашық сабақ өткізді. “Оқытудың белсенді əдіс-тəсілдерінің тиімділігі” постер сессияға серіктес мектептердің қазақ тілі пəні бойынша, орыс тілі, ағылшын тілі пəндерінің мұғалімдері қатысып, сабақтарында қолданып жүрген тəжірибелерін ортаға салды.Жаңартылған бағдарлама бойынша педагогикалық шеберлік орталығының тренері А.Б Жұбанғарина “Оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттыруда интербелсенді əдістердің маңызы” тақырыбында коучинг өткізді.Коучингте əр мұғалім өз пəнін оқытудағы жаңа əдіс-тəсілдер,пəнді жоспарлаудағы жаңалықтар,өзгешеліктер туралы мəлімет алды. Семинар -практикум соңында қатысушылармен қорытынды керібайланыс жасалынып, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп,мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді. Семинар өз мақсатына жетті.