+7 7132 00 00 00

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ №57 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС  ЖИНАЛЫСЫНЫҢ

№ 3 хаттамасы 

/көшірме/

 

Күні:  26.12.2018 жыл.

Қатысқандар: 1-11 класс ата-аналары /18 ата-ана/, мектеп әкімшілігі, класс жетекшілер, пән мұғалімдері, ауыл белсенділері

 

Күн тәртібінде:

 

  1. Қамқоршылық акциясының қорытындысы.
  2. І-жартыжылдық оқу-тәрбие қорытындысы.
  3. Жаратылыстану (химия) ағылшын тілінде кіріктіре оқыту.

 

Ата-ана: Есболаева Г.Е.:2018-2019 оқу жылы бойынша қыркүйек айында тегін ыстық тамақтанушылар тізімін құру мақсатында жағдайы аз қамтылған отбасы арыздарын қабылдау жоспар бойынша жүзеге асты. Балалардың құжаттары ҚР білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы №650 бұйрығы 6-қосымша, ҚР Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 13 сәуіріндегі №198 бұйрығы 9-қосымшасы негізінде «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарындағы жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет түрімен тізбектелген құжаттар негізінде толық қабылданды. Ақтөбе қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің №02-25/4735 хаты негізінде 3-тоқсан күнкөріс деңгейі – 25 156 теңгемен есептеліп, әр балаға АКТ жасалды.Құжаты толық тапсырылған оқушыларға сол күннен бастап тамақтандыру жұмысы жүргізілді. Қыркүйек айы бойынша МКҚ есебінде «тегін ыстық тамақ бойынша 22 бала көрсетілді. Қазіргі күні тегін ыстық тамақпен қамтылған бала саны 40-қа толды. «Мектепке жол» акциясы тамыз-қыркүйек айында ұйымдастырылды. Жағдайы аз қамтылған балаларға ЖБББ қорынан 162500 теңгеге, оның ішігнде 13 ер балаға және 12 қыз балағ 6500 теңгеге бағаланған спорттық форма және желтоқсан айында 20 қысқы куртка, 20 қысқы етік 40 балаға комиссия мүшелерінің қатысуымен тізімдегі балаларға размері бойынша берілді.

Қамқоршылық акциясының барлық соммасы 76780 теңгені құрайды.

31780 тг- «Үміт» жетім балалар үйіне -30 шт сыйлық апарылды.

30000 тг-мектеп оқушысы Жұбатқанов А., денсаулығына байланысты берілді.

5000 тг-Оразов Жанэльге етік сатып алып берілді.

Қалалық оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Досыңа сыйлық сыйла» акциясы бойынша мектебіміздің 5а,6а,6ә,7 класс оқушылары жәрмеңке жасап, 10000 теңге апарып тапсырылды.

Мектеп  директоры: Досжанова М.Б.:Мектебіміздің азқамтылған  оқушыларымыз президент, қала, облыс, әкімінің жаңа жылдық шыршасына қатысып келді. Президенті атынан шыршаға 1 бала, облыс әкімі шыршасына 2 бала, қала әкімінің шыршасына 2 бала, жетім балалар шыршасына 4 бала, Алматы аудандық әкімінің шыршасына 5 бала қатысты. «Геолог» мәдениет үйі ұйымдастырған шыршаға мектеп бойынша аз қамтылған санаты бойынша барлық бала тегін қатыстырылды. 10 бала демеуші тарапынан жаңа жылдық сыйлық алды. Аз қамтылған 18 отбасынан жаңа жылғы шыршаға қатыстыру және сыйлық беру бойынша 100% отбасы қамтылды. Депутат Илясов Қайдар жаңа жылға оқушыларға конструктор, пазлдар таратты. Имановтар отбасына ай сайын 50000 теңге көлемінде ақша аударып отыр. 8 «ә» класының оқушысы Жеңісгүлдің анасы 18000 теңге көлемінде дәлізге краска алып берді. Барлық аз қамтылған оқушыларға киімдер таратылып, талқылау жасалды. Көмекке мұқтаж жандарға мектебімізде кез келген банктен счет ашу көзделуде. Сіздер қарсы болмасаңыздар счет ашуды басшылыққа алсаңыздар.

Тыңдалды: ДОІЖО Ажибаева Г.У.:

2018-2019 оқу жылы бойынша І жарты жылдық оқу-тәрбие қорытындысы.

Биылғы оқу жылында ғылыми негізгі пәндер бойынша мектепішілік олимпиада өткізіліп, қорытындысы негізінде 23 оқушы  ғылыми негізгі пәндерден республикалық олимпиадасының ІІ кезеңі қалалық  олимпиадаға қатысты,қорытындысы бойынша:

  • Қайратқызы Б 2-орын (қазақ тілі мен әдебиеті) жетекшісі:Әбдірахманова Э.Б.
  • Мырзағалиева Ф-3орын (биология)жетекшісі: Бекмағамбетова Г.К
  • Ғалымжан А-3 орын (математика)жетекшісі: Жайықова Ш.А
  • Тельманова А –Алғыс хат( қазақ тілі мен әдебиеті) жетекшісі: Тлекешова Н.Р

Барлық пән мұғалімдері үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарын жыл басынан жасап,жұмыстар жүргізуде.

Мектебімізде дарынды оқушылар төмендегідей жетістіктерге ие болды.

  • Қалихан Мұхамедиярұлын еске алуға арналған жеңіл атлетикадан облыстық жарыстан « Ең жас қатысушы» Түркімбай ГүлсезімЖетекшісі: Қайдақова И.К
  • Қазақстандық интернет олимпиада -сертификатТаганиязов Альтаир,Асанова Сымбат

Жетекшісі: Шалабаева Н.

  • «intolimp.kz оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауда «Менің болашақ мамандығым»шығармашылық байқауда ІІІ дәрежелі диплом -Амангелді Жансая,Жолдыбай  Айымгүл, Қарабалина Амина Жетекшісі Ажибаева Г.У.
  • «Кішкентай білгірлер»облыстық интелеутуалды олимпиадасының қалалық кезеңінен  4  класс оқушыларынан құралған «Өрлеу өрендер» командасы сертификатқа ие болды
  • Қалалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауында Амантурлиева Еркеназ номинацияға ие болды.

Жетекшісі: Бекмұратова Н.М.

  • Қалалық Мырзалы Нұрстан ІІІ орынға ие болып облыстық байқаудан Мақтау қағазын алды..Жетекшісі: Контаева К.К
  • Қалалық спартакиада1000м жүгіруден ІІ орын Бердоңғарова А;Жетекшісі: КурмангалиевТ
  • «Табиғатты аяла»жас өлкетанушылар экологтар мен табиғат зерттеушілернің республикалық форумы Сертификат Асанова СымбатЖетекшісі: Контаева К.К
  • «Алғашқы қадам »байқауына қатысып «Алғыр оқушы»номинациясы бойынша 1 класс оқушысы Айжарық Мадина Жетекшісі: Жубангарина А БЗулкарнаев Алмат Алғыс хатЖетекшісі: Кузембаева М.Б
  • Жақсылық Сабина «Әлемге танылған Абай» оқырмандар конференциясынан және «Оқу керек» Абайдың қара сөздерін жатқа айтудан әдеби эстафетаға қатысқаны үшін Алғыс хат;
  • «Be Clever» халықаралық дамыту орталығы ұйымдастырған ІІІ халықаралық қашықтық олимпиадаға тарих пәні бойынша Жұбатова Анель, Тынымгерей Досымжан  қатысып, І орынға ие болды

Мұғалімдердің Республикалық,облыстық,қалалық деңгейдегі жетістіктері.

  • Қалалық білім бөлімінен Алғыс хат Бейнелеу пәні мұғалімі:Сәрсенбаева М.Ж
  • Қалалық білім бөлімінен Алғыс хат Химия  пәні мұғалімі:Бүркітбаев Ж.Д

География пәні мұғалімі : Андакулова С.Б

  • Облыстық мәдениет ,архивтер және құжаттама басқармасынан – «Әнім сенсің,Астана» авторлық бағдарламалар бойынша Диплом;
  • Ақтөбе қаласы, «Алматы» аудандық әкімінен «Құрмет грамотасы»-музыка пәні мұғалімі  Бекмағамбетов М.С
  • Облыстық білім саласындағы бақылау департаментінен –Алғыс хат;

Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтан-Құрмет грамотасы, 100  теңгеге сертификатМектеп директоры-М.Б. Досжанова

  • «Жыл үздігі» медаль мен Алғыс хат Бекмағамбетова |Г.К
  • КИО олимпиадасына сертфикат-ағылшын пәні мұғалімі Алдажар М.
  • КИО олимпиадасына сертфикат-ағылшын пәні мұғалімі Шалабева Н.У
  • Республикалық дарынды оқушылар порталына шығармашыл шәкірттер дайындағаны үшін Алғыс хат , Республикалық «Ең үздік ұстаз» байқауынан «Үздік ұстаз-2018» мадақтамасы, Педстарт олимпиадасынан ІІІ дәрежелі диплом;Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ажибаева Г.У
  • «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» тақырыбындағы облыстық конференцияда өз тәдірибесімен бөліскені үшін ағылшын пәні мұғалімі Жаумитова Ж.А. сертификат;
  • Педстарт олимпиадасынан ІІІ дәрежелі диплом- Әбдірахманова Э.Б, Ажибаева Г.УМақсатқызы А, Сертификат-Тлекешова Н, Р, Рыскалиева Г.М.
  • Жаумитова Ж.Ж.«Филология: кеше, бүгін, ертең…» тақырыбында дәстүрлі халықаралық ғылыми – практикалық онлайн – семинарға «Ағылшын тілін оқытудың заманауй әдістемесі» тақырыбында баяндама оқығаны үшін Сертификат;
  • «Рухани жаңғыру-ұлт мұраты» тақырыбындағы облыстық интернет-сайысы ІІ дәрежелі диплом Бекмұратова Н. М
  • Қорықбасова Ж.Ж Шалабаева Д.Н«КИО» Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, сертификат.

Сөйлегендер: Ниянкулов С.Е.: Білім сапасы 61,4% деп отырсыздар, неге білім сапасын 80%, 90%,100%  жеткізбеске?

Мектеп директоры:М.Б.Досжанова.: Сакен ағай қазіргі таңда 2 қоюға болмайды. Шын мәнінде баға әділ қойылу қажет. Баланы қосымша сағатқа тарту керек.Себебі бізде үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмысжоспары бар, бекітілген, сол бойынша мұғалімдер жұмыс жасайды. Білім сапасына келетін болсақ 2018-2019 оқу жылының І-жарты жылдық білім сапасының қорытындысы бойынша ең жоғары көрсеткіш №51 ОМГ – 63,5%, №57 ОМ – 61%, яғни өте жақсы деген көрсеткішті көрсетіп отырмыз.

Сөйлегендер: Ниянкулов С.Е.:Мектептен неге орыс кластарын ашпайсыздар? Мектеп директоры:М.Б.Досжанова.: Біздің мектептің ұстаздары қазақша білім алған орыс тілді мұғалім аз. Сондықтан біз орыс класын ашалмаймыз.

Тыңдалды: ДТІЖО Агисова А.Т.:

Тәрбие жұмысының өзекті мәселесі:«Рухани  жаңғыру» бағдарламасы аясында бәсекеге қабілетті, ақпараттық мәдениетті,  көптілді, шығармашыл, көшбасшылық қасиеттері дамыған, ұлтжанды  ұрпақ тәрбиелеу.

Тәрбие жұмысының мақсаты: Тәрбие  үрдісінде оқушыны мұғаліммен бірдей субъект ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, оның интеллектуалды-танымдық қабілеті мен іс-әрекетін дамыта отырып, бәсекеге қабілетті, ақпараттық мәдениетті, ұлтжанды,  көптілді, шығармашыл, көшбасшылық қасиеттері дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

2018-2019 оқу жылында өткізілген іс-шараларды талдай келе, төмендегі жетістіктер мен кемшіліктер анықталды:

Тәрбие жұмысының жетістіктері:

  • «Тәрбие негіздері» тұжырымдамасы бойынша жұмыс жүргізілуі;
  • Наркологиялық диспансерде тұрған оқушы жоқ;
  • Жалпыға құқықтық білім беру жұмыстары атқарылды;
  • Жалпы ата-аналар жиналыстары толық жоспар бойынша өткізілді;
  • Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту мақсатында «Жасұлан» ұйымы, «Адал ұрпақ» ұйымы, «Қарлығаш» қыздар клубы, «Сұңқар» ұйымының жұмыстары жандандырылды;
  • «Шаңғы», «Жеңіл атлетика», «Таэквондо», «Ұлттық спорт» спорт секцияларына қатысатын оқушылар жұмысы жоғары деңгейде және нәтижелі болды;
  • Оқушылардың бос уақыты тиімді ұйымдастырылуы жолға қойылды – үйірмелерге қатысатын оқушылардың саны 179, ол 48%, спорт секциясына қатысатын оқушылар саны 225, ол 65% көрсетеді.
  • “Алғашқы қадам”1 “ә” класс оқушысыЗұлқарнаев Алматжетекшісі: Кузембаева М.Б.

Оқушылардың жетістіктері.

  • Қалалық “Геолог” мәдениет Үйі“Алғашқы қадам”, Алғыр оқушы номинациясымен ДИПЛОМ1 “а” класс оқушысыАйжарық Мәдинажетекшісі: Жубангарина А.Б.
  • Жеңіл атлетика кросс 3“а” класс оқушысыТүркімбай ГүлсезімЖеңіл атлетика кросс ІІІ-орын
  • 9-класс оқушысыБердіоңғарова АрайлымТаэквондоданАқтөбе  облысы әкімінің кубогіне арналған Республикалық ашық  біріншілікте ІІІ-орынға8 “ә” класс оқушыларыСатыбалды Дастан
  • Жеңіл атлетика кросс І орын6 “а” класс оқушысыБолат Мейрлан
  • Ғанесов НұршатІ орын9 класс
  • Бердіоңғарова АрайлымІ орын9 класс
  • Ғанесов НұршатІ орын9 класс
  • Шарапов АянІІ орын9 класс
  • Шарапов АянІІ орын9 класс
  • Берекетов ӘлібиІ орын5 “а” класс
  • Бердіоңғарова АрайлымІ орын9 класс
  • Даулов МадиІ орын9 класс
  • Еркінғалиева АйымІІ орын4 “ә” класс
  • Бердіоңғарова АрайлымІІІ орын9 класс

Мектеп  директоры: Досжанова М.Б.:Тағы бір айта кетеін жағдайбіздің мектебімізде 14 жыл бойына құқық бұзушылық орын алған жоқ. Биылғы жылы 11 класс оқушысы жаз мезгілінде «Жасыл елде» жұмыс жасап, басқа мектептің оқушысымен біреудің ұялы телефонын ұрлап, құқық бұзушылық орын алды. Бұл оқушы әкесіз туған, анасымен тұрады. Қазіргі таңда есепке алынды.

Мектеп  директоры: Досжанова М.Б.:Қазіргі заман талаптарына сай білім беру жүйесі де жетіліп, жаңа қырларын ашуда. Демек бұл орта білім берудің мазмұнын жаңарту болып табылады. Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеуді, жүзеге асыруды және оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді. Мұндай бағдарламалардың бірі – «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы». Аталған бағдарламаны орындаудың негізгі жолдарының бірі жаратылыстану пәндерін кіріктіріп оқыту бойынша оқу-әдістемелік құрал әзірлеу болып саналады.

Мектебімізде 2018-2019 оқу жылы бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап   8 «а» класында   химия пәні ағылшын тілінде кіріктірліп отырылады. Химия пәні мұғалімі Бүркітбаев Жәнібек Дүбірұлы    «ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру бағдарламасының  А1А2В1В2  бағдарламасы курсын аяқтап,  халықаралық тест тапсырып сертификатқа ие болды. Ата-аналардан химия пәнін кіріктріліп оқуға өтініш алынды.

 

 

 

ШЕШІМІ:

 

 

  • Қамқоршылық акциясының қорытындысы қанағаттанарлық деп саналсын.
  • 2018-2019 оқу жылы бойынша І жарты жылдық оқу-тәрбие қорытындысы жақсы деп саналсын.
  • Қамқоршылық кеңес жанынанкез келген банктен счет ашылсын.

 

  • 2018-2019 оқу жылдың 1 қаңтарынан бастап 8 «ә» класына химия пәні ағылшын тілі кіріктіріліп оқытылсын.

 

  • Қамқоршылық кеңес тобынан мұғалімдердің мәртебесін қорғайтын комиссия құрылсын.

 

 

Мектеп директоры                    Досжанова М.Б.

 

 

              Хатшы                          Агисова А.Т.