+7 7132 00 00 00

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ №57 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ЖИНАЛЫСЫНЫҢ

№ 1 хаттамасы

Күні: 13.09.2019 жыл.
Қатысқандар: 1-11 класс ата-аналары /30 ата-ана/, мектеп әкімшілігі, класс жетекшілер, пән мұғалімдері, ауыл белсенділері.
Күн тәртібінде:
1. 2019-2020 оқу жылына Қамқоршылық кеңесін ұйымдастыру және төрағасын қайта сайлау.
2. «Мектепке жол» акциясы және жеңілдетілген категориядағы оқушыларға көмек көрсету.
3. Мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

1.Мектеп директоры М.Б.Досжанова.: Қамқоршылық кеңесі дегеніміз – барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерін құру тәрбиелеу, оқыту жағдайын барынша жақсартуға, балалардың құқықтарын қорғау және сақтау мәселелеріне қоғам назарын аударуға, сапалы білім беру қызметтерін көрсетуге бағытталған.
ҚР Білім және ғылым министрінің 27.07.2017 жылы №355 бұйрығымен Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары бекітілді. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады; Білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді; Білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді; Қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді; Қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және лның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды. Білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді. Тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы оргынына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді; Орта білім беру ұйымдары басшының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі. Білім беру ұйымы басшының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды; Білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады; Білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.
2.Мектеп директоры М.Б.Досжанова.: 2018-2019 оқу жылында С.Ниянкулов ағай жұмыс жасады. Тамыз, қараша, қаңтар айларында «Мектепке жол» акциясы өткізілді. ҚББ есебі тапсырылды. Қараша айында қайырымдылық акциясы өткізілді. Желтоқсан айында «Үміт сәбилер үйіне » 11 класс оқушыларымен бірге жаңа жылдық 20 дана сыйлық сыйладық. Аз қамтылған отбасындағы балаларды оқулықпен, киіммен қамтамасыз ету. Тамыз айында ЖБББ қорынан 162 500 теңгеге , оның ішінде 13 ер балаға және 12 қыз балаға 6500 теңгеге бағаланған 25 спорттық форма таратылды.Желтоқсан айында 10 ер балаға қысқы куртка, 10 қыз балаға қысқы куртка, 10 ер балаға қысқы етік және 10 қыз балаға қысқы етік таратылды. Қамқоршылар күнінде қамқоршыларымызға кеш ұйымдастырылып мадақтау қағазымен марапатталып , мектеп әкімшілігі тарапынан гүл сыйланды. Облыс әкімі Б.Сапарбаев атынан өткізілетін шыршаға «көп балалы» және «аз қамтылған» санаты бойынша 2 бала қатысты. Қала әкімі шыршасына «көп балалы» санаты бойынша 5 бала қатысты. Қала әкімі І.Испанов атындағы шыршасына «көп балалы» санаты бойынша 2 бала қатысты. Алматы ауданы әкімі шыршасына «жетім» санатында 1 бала қатысты. Жастар ресурстық орталығы атынан «жетім» санатындағы балаларға ұйымдастырған шыршаға 2 бала қатысты. Демеуші тарапынан жаңа жылдық сыйлықпен 20 бала қамтылды. Демеушілер тарапынан ата ет жіліктеп наурыз айында «жетім, көп балалы» санаттағы балалардан 4 отбасына таратылды. «Жетім» санаты бойынша есепте тұрған 3 баланың «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» жеке есеп-шоты уақытында ашылды. 2019 жылы мамыр-маусым ораза айындағы мұғалімдер және ата-аналар тарапынан жиналған бітір 126 700 теңге ақшалай «жетім» санатындағы балалардың есеп-шотына түсірілді. 2018-2019 оқу жылында «Қамқоршылық кеңесінің» есепшоты ашылды. Адалдық алаңының бұрышы ашылып, ұстаздар мектепке қажетті оқу-құралдарын әкеліп, сол сатылған заттың қаражаты қамқоршылық кеңесінің шотына салынып отыр. Қамқоршылық кеңесінің жианлысы жылына 5 рет өткізілді және кезектен тыс 2 жиналыс өтті. Жиналыстың хаттамалары тігілді. Қалалық білім бөлімінен келген отчеттар уақытылы тапсырылды. Қамқоршылық кеңесінің жұмысы өз деңгейінде өтті. Қазіргі таңда ағайдың өтініші бойынша өз еркімен төрағалықтан бас тартып отыр. Сол себептен қайта сайлауды ұсынып отырмыз. Дауыс беру арқылы төрағасы және мүшелері қайта сайланды. Осы ұсынылып отырған 9 адам сайланды.
Қожан Қапу Мәтейұлы-ақсақалдар кеңесінің мүшесі, кеңес төрағасы.
Булекбаева Сандуғаш Қуанышовна-ата-аналар комитетінің төрайымы, кеңес хатшы
Қонтай Қуанышбай Пірмаханұлы-ақсақалдар кеңесінің мүшесі, кенес мүшесі
Испаева Наргиз Амангелдіқызы-кеңес мүшесі
Касымова Райгул Байтөреқызы-кеңес мүшесі
Жолдыбай Әсел Қуантқановна-кеңес мүшесі
Консакова Жанзира Жанкелдіқызы-кеңес мүшесі
Елмухамбетова Гулстан Сарсенкуловна-кеңес мүшесі
Каханова Маруан Мырзашевна-кеңес мүшесі
Мектеп шоты былтырғы жылы ашылды, мектеп шотында ақша бар, оны тек қамқоршылық кеңестің төрағасы Қапу Мәтайұлы ала алады.
Сөйлегендер: Каханова М.М.:Құрметті ата-аналар осы мектепте менің 5 немерем оқып білім алып жатыр. 10-11 кластағы немерелерімнің атынан 3000 теңге көлемінде ақшалай қайырымдылық қорына бергім келіп отыр.

3.ДТІЖО: Агисова А.Т.: 2019-2020 оқу жылында Ақтөбе қаласының №57 жалпы білім беретін орта мектебінің 1-11 класс оқушылары мектептің типтік ережелерімен таныстырылды.1.Оқушылар ережесін, антын, әдептілік ережесін, оқушыларға арналған мектеп формасы бірыңғай болу керек және оны сақтау керек. 2.Алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндерінің бекітілген киім үлгісін қатаң түрде сақтау қажет. 3. Сабаққа кешікпей таза, ұқыпты киініп сабаққа керекті құрал жабдықтармен дайындалып келу керек.4. Ең бірінші мұғалім талабына сәйкес күнделікті көрсету және күнделікті үй тапсырмасын жазу.5.Білімді,оқу біліктері мен дағдыларын табандылықпен игеру. 6. Мектептің қоғамдық-мәдени іс-шараларына, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына белсене қатысу.7.Сыныпта, отбасында, күнделікті өмірде салауатты өмір салтын қалыптастыру. 8.Халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап,құрметтеп қастерлеу. 9.Ата-ананы, жанұяның ересек мүшелерін құрметтеу, қарттар мен кішілерге қамқорлық жасау.10.Жалпыға пайдалы іс үшін адал еңбектену мен өнімді еңбек етуге қамдану, болашақтағы мамандғын таңдай білу. 11. Қоршаған ортаны қорғау, күтіп баптау,табиғатты аялау,туған өлкені көркейтуге ат салысу. 12.Оқуды, еңбекті дұрыс ұйымдастыра отырып,үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысу.
Қатаң тиым салынады:1.Мектептің күнделікті ережесін бұзуға /себепсіз сабаққа кешігу, келмей қалу. 2. Мектепке сай формасын сақтамауға; Мектеп ішінде бас киіммен жүруге. 3.Спирттік ішімдіктер, темекі, наша және насыбай қолдануға, сағыз шайнауға; 4.Кешкі уақытта коғамдық орындарда, көшеде жүруге; 5.Басқа оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер жасауға; 6.Мектеп оқушылардың бағалы заттардың жоғалуына жауап бермейді (ұялы, телефон, құнды заттар, ақша); мектеп әкімшілігі және ұстаздар жауап бермейді. 7. Компьютерлік клубтарға баруға.8. Мектепке денсаулыққа зиянды, жанғыш, өткір, кескіш заттарды, газ баллондарын әкелуге.9. Ұялы телефон әкелуге.10. Сабақ үстінде, залда қатты сөйлеуге, жүгіруге, сабақтың өтуіне кедергі жасауға.11. Қыз балалар басына орамал тағуға және шашын басқа түске бояуға.

4.Әлеуметтік педагог Л.А. Сейтова.: №57 жалпы блім беретін орта мектебінде 2019-2020 оқу жылында 1-11 кластар бойынша 381 оқушы, 20 кл/копм. бар. Мектеп бойынша тегін ыстық тамақпен тамақтанушылар қатарында 66 оқушы тіркеліп отыр. Оның 1-еуі Тынымгерей Досымжан (11 кл) жетім, 2-еуі Байзақова Э.Қ. (2ә кл) мен Амантай А., (4а кл) бала жастан мүгедек АСП алатындар бойынша – 51 оқушы, аз қамтылған отбасылар бойынша-2 оқушы, көп балалы отбасылар бойынша – 10 оқушы тамақтанып жүр.
1а-4 бала, 1ә-4 бала, 2а-4 бала, 2ә-3 бала, 3а-4 бала, 3ә-3 бала, 4а-3 бала, 4ә-4 бала, 5а-3 бала, 5ә-8 бала, 6а-4 бала, 6ә-4 бала, 7а-3 бала, 7ә-1 бала, 8а-4 бала, 8ә-4 бала, 9а-2 бала, 10-1 бала, 11-2 бала., қазіргі таңда осы аталған оқушылар ыстық тамақпен қамтылып отыр.

5.Мектеп директоры М.Б.Досжанова.: Мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мақсатында қосымша сағаттар, үйірмелер, спорттық секциялар жұмыс жасайды. Мектебімізге Шығармашылық академиясынан қолданбалы өнер сабақты тегін 5-7 кластың қыз балаларына аптасына 1 рет жүргізіледі. Қатысам деушілер болса қатысуға болады.
6. ДОТІЖО Ажибаева Г.У 2019-2020 оқу жылын 381 оқушымен бастадық. Оның үшінде І-кезеңде 184, ІІ-кезеңде 197 оқиды, мектебімізде оқу режимі оқу аптасы 5 күндік оқу жүйесімен оқыту ұсынылады. Жалпы орта білім беру ұйымдарының 5-11 сыныптарында дене тәрбиесінің әр ушінші сағатында «Футбол» сабағы сынақтан өткізу туралы Ақтөбе қаласының білім бөлімінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі №1152 бұйрығына сәйкес дене тәрбиесінің үшінші сағатының 1 сағаты міндетті түрде футбол ойынына беріледі. Жаратылыстану бағытындағы 8 «а» класс оқушыларына Химия пәнінін ағылшын тілін кіріктіріліп оқыиту ұсынылады. Қазақстан Білім және Ғылым министрілігін 2012 жылғы 8 қарагшадщағы №500 бұйрығының 3/3 қосымшысының басшылыиқа ала отырып, ҚР Білім және ғылым 2016 жылғы 15 шілдедегі №453 бұйрығымен 1-3 кластар бастауыш негізгі орта жалпы орта білім берідің үлгілік оқу жоспарымен, Қазақстан Білім және Ғылым министрілігін 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығының 6 қосмымшасы басшылыққа алынып ҚР Білім және ғылым 2018 жылғы 4 қыркүйегінің №441 бұйрығымен бекітілген. Оқыту тілінде жүргізілетін Бастауыш білім берудің «Жаңартылған мазмұнның» үлгілік оқу жоспарымен, Қазақстан Білім және Ғылым министрілігін 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығының 16 қосмымшасы, ҚР Білім және ғылым 2018 жылғы 4 қыркүйегінің №441 бұйрығымен 4 қосымшасынмен бекітілген. 5-9 кластар оқыту тілінде жүргізілетін негізгі орта білім берудің «Жаңартылған мазмұнның» үлгілік оқу жоспарымен, Қазақстан Білім және Ғылым министрілігін 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығының 119 қосмымшасымен бекітілген және Қазақстан Білім және Ғылым министрілігінің 2019 жылы 19 мамырдағы №205 бұйрығымен оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған жалпы білім беретін жаңартылған мазмұны үлгілік оқу жоспарымен 10 сынып. Қазақстан Білім және Ғылым министрілігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы, Қазақстан Білім және Ғылым министрілігінің 2015 жылғы №15 маусымдағы №393 бұйрығымен 11- кластар жалпы білім беретін жаңартылған мазмұны үлгілік оқу жоспарымен бекітілді.
7.ДОТІЖО Ажибаева Г.У. Қазіргі заман талаптарына сай білім беру жүйесі де жетіліп, жаңа қырларын ашуда. Демек бұл орта білім берудің мазмұнын жаңарту болып табылады. Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеуді, жүзеге асыруды және оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді. Мұндай бағдарламалардың бірі – «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы». Аталған бағдарламаны орындаудың негізгі жолдарының бірі жаратылыстану пәндерін кіріктіріп оқыту бойынша оқу-әдістемелік құрал әзірлеу болып саналады.
Мектебімізде 2019-2020 оқу жылы бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8 «а» класында химия пәні ағылшын тілінде кіріктірліп отырылады. Химия пәні мұғалімі Бүркітбаев Жәнібек Дүбірұлы «ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру бағдарламасының А1 А2 В1 В2 бағдарламасы курсын аяқтап, халықаралық тест тапсырып сертификатқа ие болды. Ата-аналардан химия пәнін кіріктріліп оқуға өтініш алынды.

Қаулы:
1. Мектептегі қамқоршылық кеңесінің жұмысы ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс жандандырылсын және төрағасы қайта сайлансын.
2. Мектептің типтік ережесі қатаң бақылауға алынсын.
3. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін мектеп тізіміне тізілген білім алушыларды уақытылы қолдау көрсету бақылауға алынсын.
4. 5 күндік оқу жүйесі қалдырылсын және жоғардағы аталған үлгілік оқу жоспары басшылыққа алынсын.
5. 2019-2020 оқу жылдың 1 қыркүйектен бастап 8 «а» класына химия пәні ағылшын тілі кіріктірілп оқытылсын.
6. Мектептегі өткізілетін әр бір шараларға үлкен қолдау жасап, бірге қатысу жүзеге асырылсын.

Кеңес төрағасы: Қожан Қ.М.
Хатшы: Бөлекбаева С.Қ.