+7 7132 00 00 00

қамқоршылық кеңес №57 жббом

Қамқоршылық кеңес

Хаттама 3

 

Күні: 21.12.2020

Қатысқандар:14

Күн тәртібінде:

 

1.2020-2021 оқу жылы бойынша  оқу  -тәрбие жұмысының І жарты жылдық қорытындысы Жаумитова Ж.А., Агисова А.Т

2.Жекеленген санаттағы оқушыларды киіммен және жаңа жылдық сыйлықпен қамтамасыз ету. Сейтова Л.А

3.Мектеп бойынша 2-ші біліктілік санатқа үміткер ұстаздарды  Е-портфолио ІІ кезеңінен өту қорытындысы Улмаганбетова А.Е

 

Тыңдалды: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жаумитова Ж. А Мектепішілік құжаттардың жағдайы (оқушылардың жеке іс-қағазы,класс журналы)

1.2020-2021 оқу жылы бойынша  оқу  -тәрбие жұмысының І жарты жылдық қорытындысы Жаумитова Ж.А., Агисова А.Т:2020-2021 оқу жылында 1-11-сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша, ал 11-сыныптар 2012 жылы бекітілген үлгілік оқу бағдарламаларымен білім алады.Kundelik.kz –сынып журналы мен электрондықұжат айналымының мүмкіндіктерін білім беру жүйесінің барлық қатысушылары арасындағы желілік өзара қарым-қатынастың құралымен біріктіретін интернет-портал болып табылатын Kundelik.kz сайты жұмыс жасайды. Сондықтан биылғы жылы барлық кластарды электронды күнделік жүргізіледі. Апта сайын мұғалімердің монниторингі шығарылып отырады.

Оқушылардың жеке іс-қағаздары әр тоқсан сайын тексеріліп отырады.Онда класс бойынша оқушы құжатының сыртқы көрінісі;оқушы суретінің болуы;мектепке қабылдану туралы ата-ана өтініші(0,1класс және жаңа келген оқушылар);туу туралы куәліктің көшірмесі;кластан-класқа көшу туралы үлгерім табельдері т.б.болуы тиіс.

2020-2021 оқу жылында 1-11 кластар бойынша 404 оқушы бастады. Жартыжылдық бойынша мектеп есебінен – 6 оқушы шығарылып, мектеп есебіне -4 оқушы қабылданды. Барлығы: 402 оқушы. Пандемияға байланысты қашықтықтан оқытылуда. 1 кластарда 60 оқушы 4 кезекші топ (әр топта 15 оқушыдан, 59 оқушы, 1 оқушы үйден оқытылады)барлық сақтық шараларын сақтай отырып, ашылды. Қазан айының 19-нан бастап 2- 4 кластар бойынша 6 кезекші топ ашылды. Әр класта 15 оқушыдан 90 оқушы кезекші топта,20 оқушы қашықтықтан оқытылды. Желтоқсан айының 1нен бастап 5 кластар кезекші класс болып оқыла бастады.  2 кезекші топ ашылды. Әрқайсысында 15 оқушыдан 30 оқушы кезекші топта, 13 оқушы қашықтықтан оқуға өтініш білдірді. Жартыжыл соңында 1-4 класс бойынша кезекші класта – 145 оқушы 24 оқушы қашықтықтан оқиды. 5-кластар бойынша 30 оқушы кезекші топта, 13 оқушы қашықтықтан оқытылады. 6-11 кластар бойынша барлығы: 191 оқушы. Барлығы ата-аналардың өтініші бойынша қашықтықтан оқытылады.

Жас мұғалімдер мектебінің жұмысы

Бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау.Жас мамандардың шығармашылықтарын арттырып, өз білімін іске асыра білуге үйрету.

2020-2021 оқу жылы мектебімізде  8 жас маман жұмыс істейді.Достангалиева Г. Жұбангарина Қ.-ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Айжарықова А.- орыс тілі пәнінің  мұғалімі,Тәжібаева Ә.-математика пәні мұғалімі,Еламан Г.Е, Қахан А., Кенжебекқызы Е. бастауыш класс мұғалімі, Қамысбай Ж.Ш. – физика пәні мұғалімі жас мамандардың бәрі де тәлімгерлерге бекітілген. Жалпы мектеп бойынша  жас мамандармен жұмысқа мектептің педагог-зерттеуші санатындағы мұғалімдер: Досжанова М.Б, Жубангарина А.Б., Әбдірахманова Э.Б., Итибаева Ж.К., Бекмуратова Н.М. тәлімгер болып бекітілді. Жас мамандармен жұмыс жоспары жыл басында  жасалды. Жоспар бойынша жас мамандаған әдістемелік көмек көрсетілді.Жас мамандарға класс журналдарының пән мұғалімдерінің толтыруы туралы нұсқаулықпен таныстырылды.

Жаңа технологияны қолдана отырып өткізетін ашық сабақтар

Биылғы оқу жылының пандемиялға байланысты қашықтықтық оқыту басталды. Сол себепті ашық сабақтарды онлайн өткізу оқу жылының келесі жартыжылдығына қалдырылды.

Дамыту істеріне бағытталған шаралар ( семинарлар, конференциялар, байқаулар, апталықтар, кештер)

Респбликалық “Заманауи білім беру: жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер, жаңа жауапкершілік” тақырыбында тамыз онлайн конференцияға мектеп директоры:М.Б.Досжанова қатысты. Қазан айында айында «Білім беру сапасын басқаруда корпоративті орта құру қажеттілі мен маңызы»  тақырыбында жас мектеп басшыларына арналған қалалық онлайн вебинар өткзілді. Семинар мақсаты: жас мектеп директорларына әдістемелік көмек көрсету. Вебинарға №75 ОМ №69ОМ, Белогор ОМ қатысты. Вебинар жоғары дәрежеде өткізілді.

Қараша айында «Жаңашыл инновациялық көптілді білім беру модулын құру – өмірден туындап отырған қажеттілік» тақырыбында қалалық онлайн-вебинар ұйымдастырылды. Вебинар мақсатыБиылғы жылы пандемияғға байланысты қашықтықтан оқыту әдістерін басқа мектеп педагогтарына әдістемелік көмек көрсету. Вебинар барысында онлайн сабақтар  бойынша қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен сауалнамалар (Google Drive) арқылы, понорамалық сабақтар топтамасы, OnlineMektep арқылы онлайн сабақтар көрсетілді.  Соңында кері байланыс, Kahoot арқылы алынды. Вебинар жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

Әдістемелік бірлестіктер, кеңес отырыстары

Әдістемелік жұмыс – мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі саласы. Оған жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету, басшылық және бақылау.Мектептегі әдістемелік жұмыстарды жүйелі жүргізіп, жаңаша жоспарлау оқу-тәрбие үрдісінің сипаты мен мұғалімдердің шығармашылық деңгейлерін арттыру болып табылады.

Мектебімізде оқу жылының басынан 4 бірлестік жұмыс жасайды.Олар: бастауыш кластар бірлестігі жетекшісі: Н. Бекмұратова,гуманитарлық пәндер бірлестігі жетекшісі: Қорықбасова Ж.Ж6 жаратылыстану пәндер бірлестігі жетекшісі: Г.Б. Бекмағамбетова, эстетикалық пәндер бірлестігі- жетекшісі: Әжібаева Г.А.

Оқу жылының басынан бірлестіктердің жылдық жұмыс жоспары жасалып бекітілді.Әдістемелік кеңес отырыстары өткізіледі.

Оқу жылының басында  әдістемелік кеңес өткізіліп,хаттамасы жазылды.

Дарынды және үлгерімі төмен  оқушылармен жұмыс.

Дарынды балалармен жұмыс жоспары жыл басында  жасалып бекітілді.Мектеп психологымен бірлесе отырып, дарынды оқушыларды анықтау мақсатында оқушылармен есте сақтау әдістемесі, дарындылық диагностикасы, «Мюнстерберг» әдістемесі, логикалық тапсырмалар, бақылау әдісі жүргізілді.

Биылғы оқу жылында ғылыми негізгі пәндер бойынша 5 – 6  сыныптар арасында  мектепішілік олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті,жаратылыстану,ағылшын,Қазақстан тарихы пәндері арасындағы олимпиадаға 49 оқушы қатысып, қорытындысы негізінде 10оқушы қалалық олимпадаға қатысып,4 оқушы облыстыққа жолдама алып, 3 оқушы жүлделі орын алды.

  • 5 «А» Қамбар Т. қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен ІІІ орын,жетекшісі:Эбдірахманова Э.Б.
  • 5 «А» Ордабай М.математика пәнінен ІІ орын, жетекшісі: Жайыкова Ш.А
  • 5 «Ә» Құрақбай Ж. ағылшын тілі пәнінен ІІІ орын,жетекшісі: Жубангарина Қ.Қ

9 – 11 сыныптар арасындағы мектепішілік олипиадаға қазақ тілі мен әдебиеті,Қазақстан тарихы,математика, ағылшын, информатика,география, химия,физика, биология,орыс тілі,құқық пәндері арасындағы олимпиадаға 87 оқушы қатысып, қорытындысы негізінде 14 оқушы қалалық олимпадаға жіберілді.

Барлық пән мұғалімдері үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарын жыл басынан жасап,жұмыстар жүргізуде.

Оқу пәндерінің берілу  жағдайы.

Білім процесінің табыстылығын, педагогтардың кәсіби құзырлылығы мен әдістемелік дайындығы деңгейін мониторингілеу және диагностикалау жүйесін жетілдіру.Оқу пәндерінің берілуін зерттеу мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес жүргізіліп, физика, математика, информатика, қазақ тілі , орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің берілуі тексеріліп, анықтамасы жазылып,отырыстарда қаралды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Агисова А.Т  Ақтөбе қаласының №57 жалпы білім беретін орта мектебінде 2020-2021 оқу жылында тәрбие жұмыс жоспары 8 бағыт бойынша жасалды

  1. Жаңа Қазақстандық патриотизм мен азаматыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
  2. Рухани танымдық тәрбие
  3. Ұлттық тәрбие
  4. Отбасылық тәрбие
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
  7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру

Мектебімізде қала сыртындағы үйірмелерге 32 оқушы, «Адал ұрпақ» ұйымына 47 бала бұйрықпен бекітілді. «Жас сарбаз» клубы 7-9класс оқушылары арасында 54 бала қатысады.Спорттық секция  волейбол, футбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, гір спорты, үстел теннисі, жеңіл атлетика 1-11класс оқушылары арасында ұйымдастырылып отыр.  Барлығы 216 бала спорттық секцияға қатысып отыр. «Бейнелеу және графика» үйірмесіне 12 бала қатысады. 1-8 класс оқушылары арасында  Шеберлер қиялы, Көркем жазу, Қызықты математика, Ағылышын тілін үйренеміз, Домбыра, Компьютерлік графика бойынша барлығы 232 бала қатысады.

Сонымен қатар мектебімізде «ЖасҰлан» ұйымы, «Қарлығаш» қыздар ұйымы, «Сұңқар» ер балалар ұйымы өз жұмыстарын жалғастыруда.Қыз балалармен қыз тәрбиесіне байланысты ер балалармен құқықбұзушылыққа қатысты жиналыстар өткіліп отырады.

Сынып жетекшілер жұмысы балдық жүйемен бағаланып қорытынды ұпай шығарылып, үздік класс жетекшілер анықталып отырылады. Байқау нәтижесі бойынша және Инстаграм желісіндегі белсенді жұмыс нәтижесіне орай бал беріліп қорытынды шығарылды. Нәтиже бойынша 7 «а» класс жетекшісі  Серікқалиқызы Әсем 28 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті.

Мектебімізде ішкі істер бөлімінде және мектепшілік есепте  2019-2020 оқу жылында 1 оқушы тіркелді. Оқушымен жеке жұмыс жүргізіліп бақылауға алынды.

Мектебіміздегі іс-шаралар уақытылы өткізіліп инстаграм желісіне жарияланып отырды.

  1. Әлеуеміттік педагог Сейтова Л.А  №57 жалпы білім беретін орта мектебінде 2020-2021 оқу жылы бойынша 1-11 кластар аралығында жекеленген санаттағы оқушылар тізіміне 75 оқушы ата-аналар өтініші бойынша тіркелді. Олар: 1)көп балалы және жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күн көріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар-24;

2)жетім бала-1 оқушы; 3)атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы-24 оқушы; 4)білім беру ұйымының алқалы басқару органы яғни қамқоршылық кеңестің шешімімен-26 оқушы есепке алынды.Мектебімізге 18 қарашада АӘК алатын Төлеуғалиевтер отбасынан 4 оқушы есепке алынды.Қазіргі таңда 79 оқушы жекеленген санаттағылар тізімінде.

Мектебіміздің ұжымы 2020-2021 оқу жылының басталу қарсаңында 29 тамыз күні дәстүрлі садақа беру мақсатында мектеп ауласында құран оқылып,мал шалынды.Олар төмендегідей жекеленген санаттағы оқушылардың отбасыларына таратылып берілді.

1.Ғазиз Д.Ә.-7ә класс оқушысы

2.Жумагелдиев Ж.А.-8а класс оқушысы

3.Гайсина Д.Р.-4а класс оқушысы

4.Жайшылық А.Н.-1а класс оқушысы

5.Монтаев Ә.А.-8а класс оқушысы

6.Жұбатқан А.М.-9а класс оқушысы

7.Еркінқызы Ұ.-5ә класс оқушысы.

Класс жетекшілер әр оқушының үйлеріне апарып,ата-аналардың ризашылықтарына бөленіп қайтты.

«Мектепке жол» акциясы аясында жекеленген санаттағы оқушылар тізіміндегі көп балалы отбасы Жумагелдиевтерге «Батыс-Жер» жанар-жағар май бекетінің қожайыны Сұлтанов Асылбек Абайбаевич отбасындағы 2 оқушыға төмендегідей киімдерді алып берді.Олар:мектеп формасы-6500 теңгеден 2 дана-13 000 теңге;

спортивка 2 дана-7000 теңге;

блузка 2 дана-7000 теңге;

красовка-2 дана-12 000 теңге;

колготки-2000 тг,бантик-1000 тг;

сумка-5000 теңге,барлығы-60 000 теңгеге көмек көрсетілді.

Сонымен қатар Алматы ауданының әкімдігі жекеленген санаттағы оқушылар тізіміндегі төмендегідей оқушыларға оқу құралдарын таратты.Олар: Гайсина Д.Р.- 4 а класс оқушысы; Гайсина Р.Р.-6ә класс оқушысы;Батырханов С.А.-2ә класс оқушысы;

Жасұлан А.-5ә класс оқушысы.

1а класс оқушысының ата-анасы Досжанов Ғ.Б. азық-түліктер салынған пакетті Бисембаев А. мен Алишева С. отбасыларына таратты

Қашықтықтан оқытуға байланысты мектептен 41 компьютер пайдалануға қолхатпен таратылды.Қалалық білім бөлімінен мектебіміздің жекеленген санаттағы оқушылардың 35 отбасына билайн роуторы таратылды.

Жалпыға бірдей білім беру қорынан АӘК алатын отбасынан шыққан 24 оқушыларға спорттық киім, футболка,красовка,оқу-құралдары (ручка-10 шт,пенал,өшіргіш,краска акварельная,линейка, альбом-1 шт-тан;обложка-20 шт,карандаш-5 шт,тетрадь-20 шт), рюзак таратылды. Ал қалған 51 оқушыға қыстық куртка мен етік,футболкалар таратылды.Барлық оқушыға өз өлшемдері мен таратылып,ата-аналар ризашылықтарын білдірді.

«Еуразиялық банк» ұжымы 2ә класс оқушысыА.Муратоваға- шана;спорттық киімді- Еркінғалиев А.-1 а класс,Лашын А. 5а класс оқушыларына сыйлыққа сыйлады.

Мектебіміздің мұғалімі Кузембаева М.Б. көп балалы отбасындағы 1а класс оқушысы К.Зулкарнаеваға жаңа-жылдық сыйлыққа қуыршақ сыйлады.

Қалалық білім бөлімінің сұранысы бойынша 15 отбасы ұсынылып,оларға азық-түліктер(5 кг-ұн,5 л-шемешкі май,2 кг-нан шекер,күріш,4 кг макарон,4 шт-тушенка,2 л.-сүт) таратылды.

 

 

 

  1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Улмаганбетова А.Е. Педагог мамандардың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қаруландыра отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету.

«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» атты біліктілік арттыру курс бағдарламасының бойынша курсты Улмагамбетова А.Е,Контаева К.К аяқтады.

Биылғы оқу жылында18мұғалім аттестатциядан өтуге өтініш білдірген болатын«Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы»Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы

№ 83 бұйрығы негізінде мұғалімдердің біліктілік  санатын көтеру 5 жыл сайын  өткізіліп отырады. Мектебімізде мұғалімдердің біліктілік санатын көтеру үшін 5 жылдық перспективалық жоспар жасалынған.

Жоспарға сәйкес2020 жылдың  қыркүйек айында ХККО өтініш білдірген ұстаздар:

  1. Мектеп директоры: Досжанова Маншук Болатовна- Басқарушылық құзырет
  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жумагазина Жансауле Максотовна – педагог  – сарапшы
  3. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Ажигалиева Фатима Кабиевна – педагог  – сарапшы
  4. АӘД пәні мұғалімі Бүркітбаев Жәнібек Дүбірұлы – педагог  – сарапшы
  5. Көркем еңбек пәні мұғалімі Дайрабаева Бакыт Дуйсенбаевна – педагог  – сарапшы
  6. Информатика пәні мұғалімі Үркімбай Шырайгүл Ізбасарқызы – педагог – модератор
  7. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Алдонгаров Кунанбай Дарибаевич – педагог  – сарапшы
  8. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рыскалиева Гаухар Мукановна – педагог  – сарапшы
  9. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Акмурзина Жулдуз Нургалиевна- педагог  – модератор
  10. Информатика пәні мұғалімі Улмагамбетова Айнур Едилбаевна – педагог  – сарапшы
  11. Өзін – өзі тану пәні мұғалімі Жайлаубай Айжан Тағанқызы – педагог – модератор
  12. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айжарыкова Айнаш Мухтаровна – педагог – модератор
  13. Мектеп психологы Кумарова Гүлнұр Төреғалиқызы – педагог – модератор
  14. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Жұбанғарина Құралай Қамбарқызы – педагог – модератор
  15. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Сахингалиева Асемгуль Талапкалиевна- педагог – модератор
  16. Математика пәні мұғалімі Жайыкова Шынар Асылбековна- педагог  – сарапшы
  17. Математика пәні мұғалімі Тәжібаева Әсемгүл Оразалықызы- педагог  – модератор(Қызыл диплом)
  18. Биология пәні мұғалімі Сейлханова Айзат Умирбаевна- педагог – модератор

Осы аталған мұғалімдер жаңа жаднама бойынша папка дайындап, ұлттық квалификациялық тесттілеу орталығына тест тапсырды.

  1. Мектеп директоры: Досжанова Маншук Болатовна- Басқарушылық құзырет
  2. Сахингалиева Асемгуль Талапкалиевна жұмыс нәтижесі негізінде, арнайы пәннен 60% жоғары алғандықтан, педагогика нәтижесі бойынша 1 балл жетпесе де ІІ турға жіберілді.
  3. Мектепалды даярлау тобының тәрбиешісі Ажигалиева Фатима Кабиевнаны 04.09.2020 ж,№5-18-6/3237.И бұйырқ негізінде,педагог – сарапшы санатының шекті балын жинай алмағандықтан,педагог – модератор санатына ІІ турға жіберілді.
  4. Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Бүркітбаев Жәнібек Дүбірұлын 04.09.2020 ж,№5-18-6/3237.И бұйырқ негізінде,педагог – сарапшы санатының шекті балын жинай алмағандықтан,педагог – модератор санатына ІІ турға жіберілді.
  5. Биология пәні мұғалімі Сейлханова Айзат Умирбаевна І тур қорытындысы бойынша 56 шекті балды жинағандықтан ІІ турға педагог – модератор санатына жіберілді.
  6. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Жайлаубай Айжан Тағанқызы І тур қорытындысы бойынша 63 шекті балды жинағандықтан ІІ турға педагог – модератор санатына жіберілді.
  7. Мектепалды даярлау тобының тәрбиешісі Акмурзина Жулдуз Нургалиевнаны І тур қорытындысы бойынша 41 шекті балды жинағандықтан ІІ турға педагог – модератор санатына жіберілді.
  8. Педагог – психолог Кумарова Гүлнұр Төреғалиқызын І тур қорытындысы бойынша 56 шекті балды жинағандықтан ІІ турға педагог – модератор санатына жіберілді.
  9. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Алдонгаров Кунанбай Дарибаевичті І тур қорытындысы бойынша 41 шекті балды жинағандықтан ІІ турға педагог – сарапшы санатына жіберілді.
  10. Биология пәні мұғалімі Контаева Клара Куандыковна 04.09.2020 ж,№5-18-6/3237.И бұйырқ негізінде,педагог – сарапшы санатының шекті балын жинай алмағандықтан,педагог – модератор санатына ІІ турға жіберілді.
  11. Информатика пәні мұғалімі Үркімбай Шырайгүл ІзбасарқызыІ тур қорытындысы бойынша 61 шекті балды жинағандықтан ІІ турға педагог – модератор санатына жіберілді.
  12. «Қызыл диплом»-мен бітірген Тәжібаева Әсемгүл Оразалықызын 2020 жылғы күзгі аттестацияға ұсынылды.
  13. Жайыкова Шынар Асылбековна І тур қорытындысы бойынша 69 шекті балды жинағандықтан ІІ турға педагог – сарапшы санатына жіберілді.

Қорыта айтқанда аттестацияға өтініш берген 18 ұстаздың ішінен 13 ұстаз тесттен өтті.Ағылшын тілі пәні мұғалімі Жұбанғарина Құралай Қамбарқызы тестке тіркеле алмады, орын толық болғандықтан.

Қалған  тесттен өте алмаған мұғалімдер 2021 жылда қайта тест тапсыруға өтініш білдіру ұсынылады.

Мектеп бойынша 2-ші біліктілік санатқа үміткер ұстаздарды  Е-портфолио ІІ кезеңінен өту қорытындысы.

1.Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Ажигалиева Фатима Кабиевна –  педагог

– модератор

2.АӘД пәні мұғалімі Бүркітбаев Жәнібек Дүбірұлы –  педагог  – модератор

3.Көркем еңбек пәні мұғалімі Дайрабаева Бакыт Дуйсенбаевна –  педагог  – сарапшы,

Е-портфолио ІІ кезеңінен өткен жоқ.

4.Информатика пәні мұғалімі Үркімбай Шырайгүл Ізбасарқызы – педагог  – модератор

5.Дене шынықтыру пәні мұғалімі Алдонгаров Кунанбай Дарибаевич –  педагог  –

сарапшы, Е-портфолио ІІ кезеңінен өткен жоқ.

6.Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Акмурзина Жулдуз Нургалиевна-  педагог

– модератор

7.Өзін – өзі тану пәні мұғалімі Жайлаубай Айжан Тағанқызы – педагог  – модератор

8.Мектеп психологы Кумарова Гүлнұр Төреғалиқызы – педагог  – модератор

9.Ағылшын тілі пәні мұғалімі Сахингалиева Асемгуль Талапкалиевна- педагог  –

модератор

10.Математика пәні мұғалімі Жайыкова Шынар Асылбековна-  педагог  – сарапшы

11.Математика пәні мұғалімі Тәжібаева Әсемгүл Оразалықызы-  педагог  –

модератор(Қызыл диплом)

12.Биология пәні мұғалімі Сейлханова Айзат Умирбаевна – педагог  – модератор

  1. Биология пәні мұғалімі Контаева Клара Куандыковна – педагог – модератор.

 

Қаулы:

  1. 2020-2021 оқу жылы бойынша оқу  -тәрбие жұмысының І жарты жылдық қорытындысы жақсы деп бағалансын
  2. Жекеленген санаттағы оқушылармен жүргізілген жұмыстар жақсы деп қорытындылансын
  3. Екінші кезеңге өткен ұстаздарға куәлік берілсін

 

 

Қамқоршылық кеңестің төрайымы:                             Қожан Қ

 

Хатшы:                              Кумарова Г.Т