+7 7132 00 00 00

Хаттама

30.03.2021 жыл

Күн тәртібінде

  1. Жекеленген санаттағы оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру және қашықтықтан оқытылатын оқушылардың санаттары бойынша тексеру.

2.ҚР 30 жылдығына арналған мектептің мұражай ашуды жоспарлау.

3.Мұражай ашу жұмыстарына байланысты материалдық көмек көрсетуге шақытру.

1.Мектеп директоры: М.Б.Досжанова: Егер жергілікті бюджеттен ақша бөлінген жағдайда жекеленген санаттағы оқушылар 1 сәуірден бастап тамақтандырылады. Ақтөбе қаласының санврачның хабарламасы бойынша, тек қана аралас кластар 1-5,9,11 оқиды. Қалған 6, 7, 8 ,10 кластар 4 сәуірден кейін белгілі болады, оған дейін онлайн оқиды.Офлайн форматта тек осы аталған кластар ғана оқиды.

2021 жылдың наурыз айының 3-і күні Дәулетов Серік мырза мектебімізде оқитын көп балалы отбасынан шыққан, үйде оқытылытын Жайшылық Айбаттың отбасына 7500 тг көлемінде азық-түлік берілді. Ата-анасы ризашылықтарын білдірді.

2.Мектеп директоры: М.Б.Досжанова: Қалалық білім бөлімі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты әрбір мектепте мұражай ашылсын деген тапсырма берілді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған музей ашқалы отырмыз, сол музейге мынадай қылып Тәуелсіздіктің 30 жылдығына деп, арнайы жазып логотип қойдық.Содан кейін Қазақстан деп арнайы жарға жасаттық, сонымен бірге Астана қаласында бой көтерген 5 ғимарат және Ақтөбе қаласында бой көтерген 5 ғимараттың картинкасын ілдік. Сіздерге мұражайды толығымен көрсететін боламыз және ата-аналарға жібереміз. Сол тапсырманың аясында бір жақ қапталын Қазақ хандығының 550 жылдығындағы материалдармен, бір жақ қапталын Тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы материалдармен толықтырдық. Әліде жасалатын жұмыстар бар.

3.Мектеп директоры: М.Б.Досжанова:. Мұражайды қандай қаражатпен істелінді деп айтатын болсақ, 1986-2002 жж мектеп бітірген түлектер көмек көрсетті. Сол түлектерден мынадай қаражатты қамқоршылық кеңесінің ата-аналар комитетінің өкілі Булекбаева Сандуғаш жіберді. Мынау алған заттарының түбіртектері. Мұханова Зейнегүл апай бітірткен 1986 жылғы түлектер 21000 тг салған, Мұхамбетова Гүлбану апайдың класы 1987 жылғы түлектер 15000 тг салған, Каухарова Света апайдың класы 1988 жылғылар ештеңе салмаған, Бакыт апайдың класы 1989 жылғы түлектер 22000 тг салған, Андакулова Света апайдың класы 1990 жылғы түлектер ештеңе салмаған, Мұхамбетова Гүлбану апайдың класы 1992 жылғы түлектер 20000 тг салған, 1993 жылғы  Назира апайдың класы ештеңе салмаған, Жумагазина Жансәуле апайдың класы 25000 тг және Маканова Гаухар апайдың класы 1994 жылғы түлектер 10000 тг салып жіберген, 1995 жылғы Жаумитова Жансая апайдың класы 10000 тг салған, 1996 жылғы Әсемгүл және Жансәуленің класы 10000 тг салған, 1997 жылғы Гүлназ апайдың класы ештеңе салмаған, Кутбанова Айнұр апайдың класы 1998 жылғы түлектер ештеңе салмаған, 1999 жылғы Гүлбану апайдың класы тағы да 10000 тг салған, 2000 жылғы Гүлсезім апайдың класы ештеңе салмаған. Улмағамбетова Айнур апайдың класы 8000 тг салған. Мектептің бастауыш бірлестігі 22000 тг қаражат салды. Осының барлығын  Булекбаева Сандуғашқа жіберілген, олар өздері керек-жарақтарын алып, 89500 тг жұмсаған. Енді қазір счеттарында 98500 тг бар. Осыларды полка жасату керек, әрбір жылдан шыққан түлектерге осы мектепте оқыған суреттерінен альбом жасату керек, естеліктер қалдыру керек соның бәріне жоспарлап отырмыз. Ал мына жұмсалған ақшаға 20 шт  А3 рамка, краска алынды, сол материалдардың бәрі алынып, жасалынып дайын тұр. 2020-2021 оқу жылының үш тоқсаны аяқталып отыр. Мектеп 3-тоқсанды 61,7% сапамен аяқтап отыр. Бірақ оқушылар үйде отырып оқығаннан нашарлап қалып отыр. Соған байланысты каникул кезінде қосымша сабақ ұйымдастырып, оқушылардың оқудағы олқылықтарын жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тағы да қорытындысы шығарылады. Мектептің рейтингі өте жақсы келе жатыр. Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық педагогикалық байқаулардан, олимпиадалардан орындар бар. Ғылыми негізгі олимпиадаларданда орындар бар, Биология және құқық пәні бойынша. Дарын олимпиадаларына да қатысып тұр, оларданда орындар бар. Мұғалімдердіңде жетістіктері жетерлік, Қалалық, облыстық, республикалық байқаулардан мақалаларын жариялап сертификаттарын алып отыр. Мамандардың барлығы жеткілікті, осы тұрғанда керек мамандық жоқ. Жаңадан келген жас мамандар бейімделді, жұмыс жасап жатыр. Екі бастауыш пәнінің мұғалімі, бір математика пәнінің мұғалімі, бір физика пәнінің мұғалімі. Басқа жас маман болған жоқ. Жылдың басынан бері біз  қамқоршылық кеңестің алдында есеп беруіміз керек, бірақ адам көп жинама дегесін, қамқоршылық кеңестің төрағасы ретінде сізге есебімізді беріп отырмыз. Баладан немесе ата-анадан ақша жинау ештеңе болған жоқ. Осыған дейінгі ата-аналар тарапынан, мұғалімдер тарапынан көрсетілген ақшалай көмекті, тамақтай көмекті мына санаттағы балаларға таратып бердік. Жылдың басында өзіміздің мұғалімдер мал сойып, 7 үйге таратып беріп едік, енді оразаның кезінде тағы да ақылдасып осылай аман-саулық үшін беріп отырамыз деп ойлап отырмыз. Себебі, мектеп, ұжым бір үй.Сондықтанда барлығының амандығы бәріне керек. Енді ақсақалдардың тарапынан, барлығының тарапынан сіздердің қолдауларыңыз қажет.Ата-аналар арасында да мектеп формасын ал деп ештеңе айтып жатқан жоқпыз. Қазіргі күннің талабы бізге қандай киіммен келседе бала оқу керек деп жатыр. Осы тұрғанда 2 алтын белгі, 3 үздік және 9 кластың 6 үздігін шығарғалы отырмыз. Енді, осы оқушыларды қорытынды аттестаттаудан жақсы шығарып жіберсек, биылғы 2020-2021 оқу жылы дұрыс аяқталады деп есептейміз.

Сөйлегендер: Қожан Ғапу: Игі істер балаларды киіндіру, аз қамтылған балаларға тамақ беру деген мәселе үкіметтің қолдап келе жатқан саясаттың бір түріғой, жасалып жатқан игі істеріңіз дұрыс екен. Осындай жағдайда жұмыс жасап жатқан, алла тағала сіздерге еселеп нәсіп етсін, біз тілектеспіз ата-аналар, жетістіктеріңізде жаман емес, біреуден кейін біреуден ілгері деп жатадыгой, дегенмен де алдыңғы қатарда жүргенге алла нәсіп етсін, шүкір екен жағдайларыңыз, оқушылардың олимпиададан алып жатқан жетістіктері жақсы, сіздердің жетістіктеріңіз бұнің барлығы, біз тілекшіміз шырақтарым, қаражат бөлінсе балалардың бір мезгіл мектептен тамақ ішкендері жақсыгой, амандық болсын, жетістіктеріңіз көп болсын.

Ұсыныс: Қожан Ғ.Қалалық білім бөлімінен адамдар шақыртып көрсетсеңіздер осындай мұражайдың ашылғалы тұғанын.

Қаулы:

  1. Жекеленген санаттағы оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру және қашықтықтан оқытылатын оқушылар үнемі бақылауға алынсын.

2.ҚР 30 жылдығына арналған мектепішілік мұражайдың ашулуы бақылауға алынсын.

3.Мұражай ашу жұмыстарына байланысты материалдық көмек көрсетуге ата-ана комитеті Бөлекбаева С.С., үнемі есеп берілсін.