+7 7132 00 00 00

Ақтөбе қаласының №57 жалпы білім беретін орта мектебі

Ақтөбе қаласының 57 жалпы білім беретін орта мектебі

Қамқоршылық кеңес

Хаттама №1

Өткізілген күні: 06.09.2021 жыл

Қатысқандар: Мектеп директоры Досжанова М.Б.,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Агисова А. Т.,  әлеуметтік педагог Сейтова Л.А. Қамқоршылық кеңес мүшелері-9

Күн тәртібінде

1.2021-2022 оқу жылындағы негізгі міндеттермен және даму бағдарламасымен таныстыру, талқылау.

2.Мектеп жарғысына сәйкес күн реттелімін сабақ уақытының ұзақтығын талқылау және бекіту.

3.Жекеленген санаттағы оқушылардың тізімін бекіту.

4.Мектепке жол акциясының қорытындысы.

 

1.Мектеп директоры: М.Б.Досжанова:, Жаңа 2021- 2022 оқу жылы қарсаңында сіздерге Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген «Оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» дәстүрлі Әдістемелік нұсқау хатты ұсынып отырмыз.

Әдістемелік нұсқау хаттың мазмұны еліміздің педагогикалық сарапшылар қауымдастығымен талқыланды.

Білім беру ұйымдарындағы оқу процесі екінші жыл пандемия жағдайында өтуде. Шектеу шараларына байланысты оқушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толықтыру өзекті міндетке айналды. Әрбір педагогке шәкірттерінің білімін толықтыру бойынша арнайы жұмысты ойластыру және тиімді жүргізу қажет болып отыр.

Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі- А. Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен « Букварь» пәндерінің қайтарылуы. Бул идея былтырғы тамыз конференциясында айтылған болатын. Бірінші қыркуйек күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде «Әліппе» және «Букварь» оқулықтары табыс етілді.

2.Мектеп директоры: М.Б.Досжанова:,  Мұғалімнің жүктемесі 18 ден 16 сағатқа азайтылды. Сабақ ұзақтығы 45 минутқа қайтарылды. Білім алушылардың оқу жүктемесі төмендетілді. Білім беру ұйымдарына қысқартылған оқу жүктемесімен төмендетілді.Білім беру ұйымдарына қысқартылған оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарларын таңдау мүмкіндігі артты. Өткен оқу жылында оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу жоспарларымен жеті жүз мектеп жұмыс жүргізіп,тәжірибе жинақтады.

«Жаһандық құзіреттіліктер» таңдау курсын енгізу оқушыларымыздың бойында қазіргі қоғамның талаптарына сай білім мен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Биылғы оқу жылында еліміздің мектептері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, ағартушы- ұстазымыз Ы. Алтынсариннің 180 жылдығын атап өтеді. Көрнекті педагогтың мұралары мен өсиеттері бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтпады.

2021- 2022 оқу жылында мектептердің дайындығына байланысты вариативтік компонент сағаттарының есебінен « Жаһандық құзіреттіліктер» курсын таңдауға немесе басқа да элективті курстарды өткізуге болады. Аталған курс білім алушылардың 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

«Жаһандық құзіреттіліктер» курсына:

-5- сыныпта « Парасаттылық және әдеп»

-6- сыныпта « Экология»

-7- сыныпта « Эмоционалды интеллект және сыни ойлау»

-8- сыныпта «Медиасауаттылық»

-9- сыныпта «Зайырлық және дінтану негіздері»

-10-11-сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»жатады.

Вакцинация бойынша мектеп мұғалімдері арасында 95% алып тұр.Вакцинациядан қорқуға болмайды, аурудан қорғайды.

Мектеп директоры оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2020-2021 оқу жылындағы ерекшеліктерін айтты.

Білім алушылардың оқу жүктемесін азайту.

1- сыныптарға «Әліппе». «Ана тілі», «Букварь», «Обучение грамоте», «Цифрлық сауаттылық» пәндерін енгізу.

Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру.

Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жетілдіру.

Жазғы мектеп есебінен оқыту мерзімін 20 маусымға ұзарту.

Міндетті формативті бағалау.

Сабақтың ұзақтығы-45 минут.

5- сыныптан 11 сыныптар аралығында « Жахандық құзіреттіліктер» таңдау курсын немесе басқа курстарды енгізу.

Мектептердің таңдауы бойынша «Музыка» оқу бағдарламасының шеңберінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 6сыныпта домбыра тартуды үйрету.

Оқытудың әртүрлі форматтарына мектептердің дайындығын қамтамасыз ету.

Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды бағалау.

Мектеп пен отбасында күнделікті 20 минут кітап оқуды ұйымдастыру.

Мектеп пен ата- аналардың өзара байланысын күшейту.

Мектепте санитарлық нормалардың сақталу жағдайы туралы айтылды.

Әр түрлі мәселелер талқыланды.

  1. Әлеуметтік педагог: Сейтова Л.А.,

    2021- 2022 оқу жылы бойынша №57 жалпы білім беретін орта мектебінде тегін ыстық тамақтандыруды ұйымдастырудың жылдық жұмыс жоспары.

 

Жұмыстың тақырыбы Уақыты Жауапты адамдар
1 Жеңілдетілген санаттағы тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылыр санын анықтау және бекіту. Ай сайын Класс жетекшілер

Әлеуметтік педагог

Комиссия мүшелері

2 Күнделікті дайындалған тамақтардан әр ауысым сайын сынама алу Күн сайын Мектеп медбикесі
3 Оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік бақылау комиссиясын құру. Қыркүйек Мектеп директоры

Әлеуметтік педагог

4 Кластардың тамақтану кестесін құру Қыркүйек Әлеуметтік педагог
5 Оқушылардың тамақтануын қадағалау,дәптер арнау және күн сайын дұрыс тамақтануын тексеру. Қыркүйек Класс жетекшілер

Әлеуметтік педагог

6 Асханада тамақтану ережесімен оқушыларды таныстыру. Тоқсан сайын Класс жетекшілер

Әлеуметтік педагог

Мектеп медбикесі

7 Асханаға апталық, күнделікті ас мәзірін ілу. Күн сайын Класс жетекшілер

Әлеуметтік педагог

Мектеп медбикесі

8 Сауалнама Тоқсан сайын Класс жетекшілер

Әлеуметтік педагог

Мектеп медбикесі

9 Оқушылардың тамақтануын қадағалау жұмысының қорытындысы Тоқсан сайын Әлеуметтік педагог
10 Асхана тазалығын және тағамдардың қоймада сақталуын тексеру. Үнемі Әлеуметтік педагог

Комиссия мүшелері

11 Оқушыларды дәруменмен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру. Ай сайын Мектеп медбикесі
12 Тамақтануға байланысты тәрбие сағаттарын өткізу. Тоқсан сайын Класс жетекшілер
  1. 4. Әлеуметтік педагог: Сейтова Л.А., ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастырумен 2020 жылдан бері «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды. Қалалық білім бөлімінің 08.2021 жылғы №02-03/2302 хаты негізінде мектебімізде «Мектепке жол» жалпы Республикалық қайырымдылық акциясы  өткізілді.Бұл акцияның негізгі мақсаты-аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға 2021-2022 жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың  мектепке бармауының алдын-алу үші материалдық және басқа да көмек көрсету.Акция аясында Алматы ауданының әкімдігіне, «АО ТНК КАЗХРОМ» заводына, АО «Актобе ТЭЦ», «Еуразиялық банкке», ТОО«Dina market» әкімшілігіне және «Елек-Лада» автосервисінің әкімшілігіне демеушілік көрсетуге өтініш хаттар жолданды.

Осы хаттар негізінде Алматы ауданының әкімдігі жекеленген санаттағы 5 оқушыға Батырханов Е, Зулкарнаева К., Жумагелдиева Қ., Жасұлан А., Сарманова Ж. оқу-құралдарын таратты.

Қалалық білім бөлімінің атынан «Сбербанк» ұжымы 1 кластың 2 оқушысына Серік А. және Хамзеев С. оқу-құралдарын сыйлады.

Ата-аналар тарапынан акцияға ат салысқандар болды.Олар: Қосуақов Е.Қ. 10 000 теңгеге  Болат Ә. рубашка,шалбар,футболка сыйласа, «Арай» СО-нан  Есенғұлова М. (Мектебіміздің мұғалімі  Е.Кенжебекқызының туысы) Оқушыларға рубашка,юбка,костюмдер берді.

«Мектепке жол» акциясы жыл бойы жалғасын табады.Қайырымды жандарға ата-аналар және мектеп әкімшілігі атынан алғысымыз шексіз.Әрдайым акцияға ат салысып, қолдау көрсетуге шақырамын.  Көрсетілген көмектер инстаграмм желісіне  жарияланды.

 

Қаулы:

 

1.Жаңа оқу жылына талқыланған оқыту-тәрбиелеу ерекшеліктерінің міндеттері мен мақсаттары бекітілсін.

2.Мектеп бойынша жекеленген санаттағы НОБД базадағы тіркелген категорияларына сәйкес 40 оқушы тізімі бекітілсін.

3.Мектептің оқу-тәрбие жұмысы 34 апта, 6 күндік, 45 минут болып бекітілсін.

  1. «Мектепке жол» акция қорытындысы қанағаттанарлық деп саналсын.

 

Қамқоршылық кеңес төрағасы:              Қ.М. Қожан

Хатшы:                                     Бөлекбаева С.С