+7 7132 00 00 00

«Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет»

Мектеп ұжымының жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, адами құндылықтарды насихаттауға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру»
«Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет»
Н.Назарбаев
Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену бағдарламасын ұсынды, онда сыбайлас жемқорлықпен күрестің бағдарламасын жүзеге асыру керектігіне баса назар аударған. Күні кеше ғана Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауынада «Бүгінгі ахуал біздің жетістіктерімізді сынға салып елдігімізді шыңдай түсетін уақыт кезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз қажет. Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген қағиданы ұстанып еңбек етуге тиіспіз. Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал табуымыз керек. Ең жақсы жоспар уақыт талабына бейімделген жоспар болып саналады. Бізде заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отыруымыз қажет» деген еді.
Сыбайлас жемқорлықты мемлекет пен қоғамның бірлескен күшімен жеңу және сыбайлас жемқорлықты туғызатын залалдарымен емес, оның жағдайы мен себептерін азайту мүмкін екендігін баршамыз білеміз. Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің аса маңыздылығы мен өзектілігін түсіне отырып, қоғамның барлық күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күреске жұмылдыра отыра әр азаматтың міндеті болып табылуы қажет.
Осы мақсатта Ақтөбе қаласының #57 ЖББ орта мектебінде 2021 жылдың 15 қазанында агенттік өкілі Қуанышбек Серікжанұлы түсіндірме жұмысын жүргізді.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_basqarmasy_aqtobe
@aqtobe_adaldyq_alany